Жаңа Конституцияның күшіне енуімен еліміздің өмірінде жаңа тарихи кезең басталды. Бұл — Қазақстанның тұрақты дамуы мен жан-жақты жаңғыруына жол ашатын маңызды қадам.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей:
«Бұл — егемен Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы. Біз тұрақты ілгерілеу, саяси және экономикалық реформалар, ауқымды жаңғыру жолына қадам басып отырмыз. Бұл күн саяси жүйенің түбегейлі жаңғыруын, мемлекет пен азаматтық қоғамның негізгі институттарының терең трансформациясын білдіреді».
Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді:
— сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға базалық медициналық көмектің кең көлемі кепілдендіріледі;
— профилактика мен қоғамдық денсаулықты нығайтуға басымдық беріледі;
— жастардың денсаулығын сақтау және тәуелділіктің алдын алу шаралары күшейтіледі;
— медициналық ғылым мен цифрлық технологияларды дамытуға қолдау көрсетіледі;
— ана мен баланы қорғау, отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Біздің басты мақсатымыз — әрбір азаматтың сапалы, қауіпсіз, құпия және тегін медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті мен әл-ауқаты — мемлекеттің ең жоғары құндылығы.
Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нығаюына қызмет етсін.
Сауле ҚҰСМОЛДАНОВА, ШЖҚ «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры.

Telegram


