Құрметті «Жансая» күндізгі болу орталығы – оңалту бөлімшесінің ұжымы!
Сіздерді шын жүректен Ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Себебі сіздер тек білім беріп қана қоймай, әр баланың жүрегіне мейірім ұялатып, болашағына үміт сыйлайсыздар. Әрбір қадамында қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін ашуға көмектесіп келесіздер.
Сіздердің төзімділіктеріңіз, шексіз қамқорлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз – ата-аналар үшін де, балалар үшін де үлкен демеу.
Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі сіздерге қуаныш пен шабыт әкелсін.
Ұстаздар күні құтты болсын!
Құрметпен, Ата-аналар ұжымы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы



