САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
«Respublica» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат МАШЕКОВ БАТЫР ОРАЛБАЙҰЛЫ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Машеков Батыр Оралбайұлы 1985 жылы 5 қыркүйекте Талдықорған қаласында дүниеге келдім.
Білімім:
• 2003 ж. Талдықорған қаласының №1 орта мектебін бітірдім.
• 2004–2009 жж. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетін тамамдадым.
• 2012–2014 жж. Шымкент қаласының академиялық инновациялық университетін тамамдадым.
Мамандығы: «Дене шынықтыру және спорт».
Спорттық дәрежесі мен жетістіктерім
• Дзюдо күресімен 1997 жылдан бастап айналысамын.
• Алғашқы жаттықтырушым – Абыханов Тимур Бауыржанович.
• 2005 ж. – самбо күресінен спорт шебері.
• 2005 ж. – 23 жасқа дейінгі самбодан Қазақстан Республикасының чемпионы (Талдықорған қ.).
• 2005 ж. – ересектер арасында Қазақстан Кубогының жүлдегері
(Өскемен қ.).
• 2006 ж. – ересектер арасында Қазақстан Республикасының жүлдегері (Нұр-Сұлтан қ.).
• 2006 ж. – Жастар ойындарының жүлдегері (Шымкент қ.).
• Дзюдо және самбо күресінен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.
Еңбек өтілі
• 2010 ж. Алматы облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек түрлері бойынша мектебінде дзюдо жаттықтырушысы.
• 2013 ж. қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Алматы облысының аға жаттықтырушысы.
• 2013-2022 ж.ж. – «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ, дзюдо жаттықтырушысы.
• 2016-2019 ж.ж. – Дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы.
• 2016 ж. бастап, Алматы облысының дзюдо федерациясының вице-президенті.
• 2022 ж. 14 қаңтар – Алматы облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
• 2022 ж. 5 қыркүйек – облыстардың бөлінуіне байланысты
Жетісу облысының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер жекпе-жек түрлері мектебінің директоры.
• 2023 ж. 17 ақпан – №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты.
• 2023 ж. 24 наурыз – «Жетісу облысы дзюдо федерациясы» ҚБ вице-президенті.
• 2025 ж. 1 сәуір – «Жетісу облысы дзюдо федерациясы» ҚБ президенті.
Дайындаған шәкірттері
• Дамир Болатбеков – дзюдодан спорт шебері, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, жастар арасында Азия және Еуропа Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы.
• Дармен Сарарқанов – самбодан спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия жүлдегері, әлем чемпионатының қатысушысы.
• Ильяс Нусупбаев – дзюдо және қазақ күресінен спорт шебері, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері
• Бекарыс Садвакасов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы.
• Рысымбек Дінахмет – дзюдодан спорт шебері, ҚР чемпионы, Спартакиада қола жүлдегері.
Мен, Respublica партиясынан Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына сайлауға қатысамын. Мен үшін сайлау округімдегі тұрғындардың мәселелерінің іс жүзінде шешілуі маңызды. Менің басымдықтарым партияның «Қуатты экономика мен лайықты өмір» бағытына және Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне негізделген.
Құрметпен, Батыр МАШЕКОВ.
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Мәселе. Жетісу облысында ауылдық елді мекендерде тұрақты жұмыс орындарын көбейту, жастарды жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелер өзекті.
Ұсыныстар
- Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
- Жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
- Әлеуметтік және туристік қызметтер саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау.
- Жергілікті өнім өндірушілер мен отбасылық кәсіпкерлік бастамаларын қолдау.
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Мәселе. Ауыл шаруашылығы саласында су ресурстарына қолжетімділік, суару арналарының жай-күйі, ауыл шаруашылығы техникасы мен айналым қаражатына қол жеткізу, өнімді сақтау және өткізу мәселелері маңызды.
Ұсыныстар
- Суару жүйелерін жөндеу және жаңғырту мәселелерін көтеру.
- Су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдау.
- Ауыл шаруашылығы кооперациясын, өнім сақтау қоймаларын және өңдеу кәсіпорындарын дамытуға ықпал ету.
- Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидиялардың уақытылы төленуі мәселесін көтеру.
3. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Мәселе. Қала мен ауыл арасындағы білім беру және медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын теңестіру, мамандар тапшылығы және әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту қажет.
Ұсыныстар
- Мектептерді, балабақшаларды, колледждерді және медициналық ұйымдарды жөндеу мен жабдықтау мәселелерін көтеру.
- Ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарын қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру.
- Балалар мен жастарға арналған үйірмелерді және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.
4. ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Мәселе. Елді мекендерде ауызсу, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау және абаттандыру инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігі бар.
Ұсыныстар
- Ауызсу және коммуналдық желілерді жөндеу мен жаңғырту мәселелерін көтеру.
- Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ықпал ету.
- Шалғай ауылдардың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін бюджетте ескеруді ұсыну.
- Коммуналдық жобалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту.
5. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛДАР
Мәселе. Облыс орталығы мен аудандар, ауылдар арасындағы қатынастың қолайлылығы, ауылішілік жолдардың сапасы, қоғамдық көлік маршруттары және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі маңызды мәселелер болып табылады.
Ұсыныстар
- Жергілікті және ауданаралық жолдарды жөндеу мәселелерін көтеру.
- Қоғамдық көлік маршруттары мен қозғалыс кестесін тұрғындардың қажеттілігіне сай жетілдіруді ұсыну.
- Мектептер, емханалар және қоғамдық орындар маңында жарықтандыруды жақсарту.
- Жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
6. ЭКОЛОГИЯ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
Мәселе. Жетісу облысының табиғи әлеуеті туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғи аумақтарды қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, санитарлық тазалық және туристік нысандарға апаратын инфрақұрылым мәселелері өзекті.
Ұсыныстар
- Алакөл, Балқаш жағалауы және өңірдің басқа да туристік бағыттарында тазалықты сақтауға ықпал ету.
- Қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру мәселелерін көтеру.
- Елді мекендерде жасыл аймақтарды көбейту мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қолдау.
- Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайда әкелетін туризм бастамаларын дамытуға ықпал ету.
7. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИЯ
Мәселе. Қоғамдық орындардың жарықтандырылуы, жол қауіпсіздігі және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз қол жеткізуі маңызды.
Ұсыныстар.
- Қауіпті учаскелерде жарықтандыруды, жол белгілерін және жаяу жүргіншілер өткелдерін жақсарту мәселелерін көтеру.
- Әлеуметтік нысандарда пандустар мен қолжетімді кіреберістердің болуын бақылауға ықпал ету.
- Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруды қолдау.
- Қоғамдық орындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу.
8. ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІК
Мәселе. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жергілікті өндірістердің нарыққа шығуы және шағын кәсіпкерлер үшін әділ бәсекелестік жағдайларын қалыптастыру қажет.
Ұсыныстар
- Жергілікті өнімді өңдеу, сақтау және өткізу жобаларын қолдау.
- Жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.
- Мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті даму жобалары туралы ақпараттың ашықтығын қолдау.
- Кәсіпкерлерге кедергі келтіретін әкімшілік мәселелерді тиісті органдар алдында көтеру.
9. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨҢІРДІ ДАМЫТУ
Мәселе. Инвестициялық жобаларды іске асыруға инженерлік инфрақұрылымның жеткіліктілігі, жергілікті кадрларды даярлау және жобалар туралы ақпараттың қолжетімділігі әсер етеді.
Ұсыныстар.
- Инвестициялық жобаларға қажетті инфрақұрылым мәселелерін шешуге ықпал ету.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, логистика, туризм және шағын өндіріс бағыттарындағы бастамаларды қолдау.
- Жаңа инвестициялық жобалар арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға жағдай жасау.
- Жобалардың орындалуы мен жаңадан ашылған жұмыс орындары туралы ақпараттың ашық болуын қолдау.
10. ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНДАРДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Мәселе. Тұрғындардың жергілікті бюджет, жөндеу жұмыстары, коммуналдық жобалар және өтініштерді қарау нәтижелері туралы уақтылы әрі түсінікті ақпарат алуы маңызды.
Ұсыныстар
- Жергілікті бюджет пен қоғамдық маңызы бар жобалар туралы ақпараттың ашық жариялануын қолдау.
- Маңызды мәселелер бойынша тұрғындармен қоғамдық талқылаулар өткізуге ықпал ету.
- Депутаттық сауалдар мен кездесулер арқылы тұрғындардың өтініштерін тиісті органдарға жеткізу.
- Көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы тұрғындарға тұрақты ақпарат беруді қолдау.
11. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ КАДРЛАР
Мәселе. Өңірдің ауыл шаруашылығы, өндіріс, құрылыс, көлік, туризм және коммуналдық салаларына қажетті білікті мамандарды даярлау мен жастардың тәжірибеден өту мүмкіндіктерін кеңейту қажет.
Ұсыныстар
- Колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету.
- Сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибелік оқыту мен дуалды білім беруді дамыту.
- Жастардың жергілікті кәсіпорындарда тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.
- Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби даярлау мәселелерін көтеру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен сайлау округім тұрғындарының мүдделерін дәйекті түрде қорғауға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын мәслихат деңгейінде көтеруге және депутаттық өкілеттіктерім шеңберінде аталған мәселелердің шешілуіне ықпал етуге ниеттімін.
Менің басты мақсатым — Жетісу облысының тұрақты дамуына, жергілікті экономиканың нығаюына және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына үлес қосу.
Respublica — қуатты экономика мен лайықты өмір жолында!
Тапсырыс беруші: Машеков Батыр Оралбайұлы.
Төленген қаражат көзі: республикалық бюджет қоры.

Telegram


