• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:01
Предвыборная программа кандидатов
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы
10
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

2026—2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 11 бір мандатты сайлау округі бойынша
кандидат Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы

РЕКЛАМА

Өңірлер мен облыс орталықтарын дамыту жаңа әрі тың тәсілдерді талап етеді- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.              

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы, білім беру саласының маманымын. Еңбек жолымды балалардың тәрбиесі мен біліміне, олардың жарқын болашағын қалыптастыруға арнап келемін.

Сіздер мені білім беру саласының маманы ретінде ғана емес, әйелдердің, балалардың, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында қоғамдық қызмет атқарып жүрген азаматша ретінде  танисыздар.

Менің мақсатым – балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қажетті жағдай жасау ғана емес, біздің округ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосу. Қаламыздың шағын аудандары бірдей қарқынмен дамып, абаттандырылуы қажет деп есептеймін. Жайлы ортада өмір сүру, сапалы әлеуметтік қызметтерді алу, еңбек ету және балалардың қауіпсіз ортада өсуіне мүмкіндік жасалуы тиіс.

Менің бағдарламам тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге, қалалық инфрақұрылымды дамытуға, отбасыларды қолдауға, балалар мен жастар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталады.

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, тұрғындардың мүдделерін білдіріп, оларды толғандыратын мәселелерді жауапты мемлекеттік органдардың назарына жеткізуге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы халықты ашық  түрде хабардар болуына өз үлесімді қосамын.

Тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстары ескеріліп, қабылданған шешім нақты нәтижеге жетіп, берілген уәде іспен дәлелденуі маңызды.

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1.ЖОЛДАР, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОЗҒАЛЫС

Біздің округ шеңберінде қанағаттанарлықсыз жағдайдағы көлік және аулаға кіру жолдарын кезең-кезеңімен жөндеу мәселесін көтеріп, оның шешілуіне ықпал етуді көздеймін. Рақышев, Алдабергенов көшесіндегі деформацияға ұшыраған жол аумақтарын, көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы кәріздердің, тұрғындардың өтініштері негізінде «Жерұйық» коммуналдық базары маңындағы  көпқабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды абаттандыруға тұрғындардың қауіпсіз  қозғалысын қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

2.ТАЗА АУЫЗСУ, ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕР

Коммуналдық қызметтердің сапасы әрбір отбасының әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сумен, жылумен және электр энергиясының тозығы жеткен инженерлік желілерді уақтылы жөндеу мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

3.АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Өңіріміздің кейбір көпқабатты тұрғын үйлері, және оған іргелес аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Көптеген аула алаңдарының жағдайы қанағаттанарлықсыз, ал кейбір аулаларда  жарықтандыру мүлдем жоқ. Мәселен, Ш.Уәлиханов көшесіндегі, № 180-183 үйлердің ауласы күрделі абаттандыруды қажет етеді.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Талдықорған қаласының тұрақты дамуы шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға тікелей байланысты. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға арналған бастапқы кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру, мемлекет тарапынан берілетін қолдау шеңберінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жаңа мүмкіндіктер ашуды қарастыру.

  1. ЕРІКТІЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ

Жастарды, меценаттарды және белсенді азаматтарды қоғам үшін маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту. Сайлау округі мен қала тұрғындары арасындағы көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсету бастамаларын дамыту

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Әрбір тұрғынның жасына  және материалдық жағдайына қарамастан, қажетті медициналық көмекті уақтылы алуына мүмкіндік болуы тиіс. Осы мақсатта сайлау округіміздегі «Қайнар» медициналық орталығында сапалы медициналық көмек көрсетуге және оның тұрғындар үшін қолжетімді болуына қажетті жағдайлар жасалуына ықпал ету.

  1. БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Балалардың сапалы білім алуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау мақсатында жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар мен оңалту орталығын салу мәселесін көтеру. Бұл бастамалар білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтуға, балаларға көрсетілетін білім беру және оңалту қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталады.

  1. ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға және бұқаралық спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Сонымен қатар, спорттық және мәдени-демалыс іс-шараларының барша тұрғынға қолжетімді болуына, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың да осындай мүмкіндіктерді пайдалануына жағдай жасалуын маңызды деп санаймын.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Қарт адамдарға, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше назар аудару қажет. Біздің сайлау округінде осындай 14 отбасы бар.

Аталған санаттағы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда қолдау көрсетуге, сондай-ақ меценаттардың қайырымдылық көмегін ұйымдастыруға бағытталған кешенді қолдау шараларын жүзеге асыруға ықпал етемін.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАСЫЛ ТАЛДЫҚОРҒАН

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың аумақтарын абаттандыруға, көгалдандыруға, көшелер мен аулалардың санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

Құрметті жерлестер! 

Талдықорған қаласының дамуы мен өркендеуі, оның бүгінгі мәселелерінің тыңғылықты шешілуіне байланысты. Сондықтан оның экологиялық тазалығын сақтау күнделікті өмірдегі қарапайым, бірақ маңызды мәселелерді ашық әрі орынды қарарастыруды өзімізден бастау қажет деп есептеймін.  Шағын аудандар мен көшелердің қауіпсіздігі, таза ауызсудың, жарықтандырылған көшелер мен аулалардың, қолжетімді медициналық көмектің, балабақшалар мен мектептердің  сапалы қызмет көрсетуі, сондай-ақ тұрғындардың адал  еңбек етіп, лайықты табыс табуға мүмкіндігінің болуында.

Біздің сайлау округінде өзекті мәселелер аз емес,  Мен олардың басым бөлігімен жақсы таныспын. Атап айтқанда, ескі көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатырлары, инженерлік желілері, аулаға кіретін жолдардың, алаңдарының бүлінуі,  жаяу жүргіншілер тротуарларының тозуы, сондай-ақ «Жерұйық» коммуналдық базары маңындағы көпқабатты үйлердің маңындағы инфрақұрылымның жөндеу қажеттілігі және басқа да мәселелер.

Депутат ретінде округ тұрғындарының мүдделерін жоспарлы  түрде қорғауды, өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеріп, өз өкілеттігім аясында олардың шешілуіне ықпал етуді мақсат етемін.

Мен үшін халықтың сеніміне ие болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік, адал еңбек және шынайылық.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеру, құзырлы және жауапты органдарға жеткізу, тұрақты бақылауда ұстау, мәселенің қандай кезеңде қаралып жатқаны туралы  тұрғындарды хабардар ету,  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өкілеттілігім аясында ықпал етуді мақсат етемін.

Бірлесе атқарған жұмыс, өзара құрмет пен үздіксіз ашық диалог арқылы ғана қаламызды баршаға жайлы, қауіпсіз әрі көркейген ортаға айналдыра аламыз деп сенемін!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: ЖК Айару

Мекенжайы: Жібек жолы, 34

Басып шығарылған: 1000

Таралымы 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

 

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:50

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА на 2026-2031 годы кандидата в депутаты маслихата области Жетісу от партии «ӘДІЛЕТ» КОНСТАНТИНА НЕСТЕРОВА. Одномандатный избирательный округ №16...

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:45

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ  мәслихаты депутаттығына кандидаттың АЛТЫНБЕКОВ ЖАЛҒАС ДАУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ № 9 бірмандатты сайлау округі...

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:36

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов. Бірмандатты сайлау округі № 11 Құрметті сайлаушылар! Мен, Ерлан...

Новости Казахстана

Токаев: Сильные университеты – основа будущего

Сегодня в 20:55
Новости Казахстана

В Астане запустили новый формат озеленения города

Сегодня в 19:53
Новости Казахстана

Халық Кеңесі и профсоюзы консолидируют запросы трудовых коллективов

Сегодня в 19:31
Новости Казахстана

Туризм Казахстана привлекает все больше инвестиций

Сегодня в 19:00
Новости Казахстана

Казахстанцы получили первые знаки отличия марафона «Читающая нация»

Сегодня в 18:22

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz