САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ мәслихаты депутаттығына кандидаттың АЛТЫНБЕКОВ ЖАЛҒАС ДАУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ № 9 бірмандатты сайлау округі
Құрметті жерлестер!
Мен, Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы, 1984 жылғы 24 маусымда Панфилов ауданы, Тұрпан ауылында дүниеге келдім. «Тау-кен инженері-құрылысшы» мамандығы бойынша жоғары техникалық білім алдым. 2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тамамдап, кәсіби еңбек жолымды құрылыс саласында бастадым.
Еңбек жолымды 2006 жылы «Метро Құрылыс» АҚ-да бастап, құрылыс саласында тәжірибе жинақтадым. 2013–2014 жылдары «СтройСервисАсар» ЖШС-де директордың орынбасары қызметін атқарып, ұйымдастырушылық және басқарушылық бағытта тәжірибемді арттырдым. 2015 жылғы қаңтардан бастап «Жаркент Алғыр» құрылыс компаниясының директоры қызметін атқарып келемін.
Көпжылдық еңбек тәжірибем маған құрылыс саласының ерекшеліктерін терең түсінуге, жұмысты жүйелі ұйымдастыруға, жауапты шешімдер қабылдауға және алға қойылған міндеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік берді. Өз қызметімде жауапкершілікке, тәртіпке, кәсібилікке және берілген уәденің орындалуына ерекше мән беремін.
Мен үшін туған өлкенің дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну — маңызды құндылықтар. Елдің дамуы нақты іспен, жүйелі жұмыспен және халықтың сенімін ақтаумен өлшенеді деп есептеймін.
Құрметпен, Алтынбеков Жалғас
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Жаркент қаласындағы ұзындығы 75,4 км бас су қабылдағышты қайта жаңарту және жаңадан салу жұмыстарына ықпал етемін.
Жаркент қаласы көшелерін сапалы әрі үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етуге ықпал етемін.Су үнемдеу технологияларын 2027 жылға 23,8 мың гектарға жеткізу жоспарының орындалуына ықпал етемін.
- ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Ауданда ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұрғындардың өз кәсібін ашып, табысын арттыруына қолдау көрсетуге атсалысамын.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жаркент қаласында мал өлекселерін қауіпсіз жоюға арналған арнайы орын (Беккери шұңқырын) ұйымдастыруға атсалысамын. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталады.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Ауылдық елді мекендерде тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға ықпал ету. 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 4295. Әр жыл сайын 30% жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге және денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыстарды қолдаймын. Жаркент қаласындағы аурухананы реконструкциялау мерзімі, қаржыландыруы және іске асырылу барысына ықпал етемін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламын. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал етемін.
- ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Панфилов ауданының мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
8.БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Б. Назым және Б. Момышұлы атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.Садыр орта мектебінде 120 орынды жаңа мектеп ғимаратының құрылысын салуға ықпал етіп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға және білім беру инфрақұрылымын дамытуға атсалысамын.
- ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР
Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізу ықпал етемін. Аудан аумағында 7 мыңнан астам ағаш пен жасыл желек отырғызуға ықпал етемін.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін.
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жердің өркендеуі мен ел игілігіне қызмет ету – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның ұсынысы мен пікірі, күнделікті өмірде кездесетін мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс.
Өңіріміздің дамуы, елді мекендеріміздің көркеюі, жолдар мен қоғамдық орындардың жағдайы, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру — қоғам үшін маңызды бағыттар. Осы мәселелерді шешуде халықпен тұрақты байланыс орнатып, өзекті ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізу және олардың оң шешімін табуына ықпал ету қажет.
Мен үшін ел мүддесі, туған жердің дамуы және жерлестерімнің сенімі әрдайым маңызды. Халықпен ашық диалог орнатып, айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелерге назар аудару — ортақ нәтижеге жетудің негізгі жолы.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болса, туған өлкеміздің дамуына бірге үлес қоса аламыз. Әрбір игі бастама ел игілігіне қызмет етіп, әрбір атқарылған жұмыс халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы керек.
Туған жеріміз гүлденіп, өңіріміз өркендей берсін! Ел игілігі жолындағы ортақ мақсаттарымыз жүзеге асып, береке-бірлігіміз арта берсін!
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындалған: «Айару» ЖК.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.
Басып шығарылған: «Айару» ЖК.
Таралымы: 1000 дана
Тапсырыс беруші: Алтынбеков Ж.Д.
Төленген қаражат көзі: Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Telegram


