• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Заитов Тұрған Зурдунұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:35
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Заитов Тұрған Зурдунұлы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЗАИТОВ ТҰРҒАН ЗУРДУНҰЛЫ №12 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Заитов Тұрған Зурдунұлы 1967 жылғы 27 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келдім.

1974-1984 жылдары С. М. Киров атындағы орта мектепте білім алды. 1985-1987 жылдары әскери борышын өтеді. 1989 жылы Кеңес саудасы техникумына оқуға түсіп, 1991 жылы «Азық-түлік сатушысы» мамандығын тамамдадым.

Еңбек жолын Панфилов аудандық тұтынушылар қоғамының қоғамдық тамақтану бөлімінде бастадым.

1995 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысып келемін.

Қазіргі таңда аталған кәсіпорындарда Жаркент қаласының 60 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлік қызметі арқылы жергілікті экономиканың дамуына және тұрғындарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келемін.

Шадиям Магаметовамен (қазіргі Заитова) отбасын құрып, төрт бала тәрбиелеп өсірдім.

Тұрғындардың сенімін нақты іспен ақтау, өзекті мәселелерді ашық талқылау және олардың шешілуіне ықпал ету. Туған өлкеміздің экономикалық әлеуетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Өмірлік ұстанымым: нақты іс, ашық диалог және туған өлкенің игілігі жолындағы нәтижелі еңбек.

Сөзден іске, уәдеден нәтижеге!

Туған жердің игілігі үшін бірге еңбек етейік!

Құрметпен, Заитов Тұрған Зурдунұлы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК, ИНФРОҚҰРЫЛЫМ

Жаркент қаласындағы Жансүгіров көшесінің 5,7 шақырым, Уәлиханов көшесінің 4,3 шақырым және Қонаев көшесінің 2,6 шақырым жол учаскелерін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.

2030 жылға дейін Жаркент қаласында тұрғын үйлердің аула аумақтарын жылумен қамтамасыз ету мақсатында блокты-модульдік қазандықтарды орнатуға ықпал етемін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Жаркент қаласы мен Диқанқайрат ауылы тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Шаруаларға субсидия, техника, тұқым және су үнемдеу тәсілдері бойынша қолжетімді ақпарат беріліп, қолдау алу тәртібі түсінікті болуына жағдай жасауға ықпал етемін.

Жаркент қаласында мал өлекселерін қауіпсіз жоюға арналған арнайы орын (Беккери шұңқырын) ұйымдастыруға атсалысамын. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталады.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Жергілікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің бос жұмыс орындары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Жастар мен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы ақпараттандырамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2029 жылы Жаркент қаласындағы емханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін назарда ұстап, жобаның уақытылы жүзеге асуына ықпал етемін және тұрғындарға қолайлы медициналық жағдай жасауға қолдау көрсетемін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту: 2028–2030 жылдар аралығында Б. Назым және Б. Момышұлы атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

Білім беру сапасын арттыру: жаңа оқу кабинеттерін ашуға, қолданыстағы кабинеттерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және мектептердің санитариялық жағдайын жақсартуға ықпал етемін.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мектептердегі қауіпсіздік жағдайын жақсарту және оқушылардың мектепке қатынауына қолайлы жағдай жасау жөніндегі бастамаларды қолдаймын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштерін тиісті қызметтерге жеткізуге, жәрдемақы мен қолдау бағдарламалары туралы ақпаратты түсінікті таратуға басымдық беремін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Диқанқайрат ауылында интернет сапасын 2030 жылға дейін 70%-ға жақсартуға ықпал етемін. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жыл сайын кемінде 20%-ын электрондық қызметтерді пайдалануға үйретуге қолдау көрсетемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» аясында Жаркент қалысы мен Диханқайрат ауылының көшелерін көгалдандыру мен тазалықты жүзеге асырымын.

Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін маңызды!

Сіздердің сенімдеріңіз – нәтижеге деген жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін ауданымыздың ең басты байлығы – оның адамдары. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіз – ауданымыздың дамуына негіз болатын басты құндылықтар.

Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауға тиіс, ал әрбір отбасы лайықты өмір сүру жағдайларына қол жеткізуі керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер құрғақ уәде күйінде қалмай, шындыққа айналуы қажет.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін табанды түрде жұмыс істеуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір берілген уәденің нақты іспен дәлелденуі маңызды.

Бірлесе күш жұмсасақ, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты ұстанымым – әрбір тұрғынға құрметпен қарап, әрбір ауылдың мүддесіне тең дәрежеде көңіл бөлу. Еңбекті бағалау, жауапкершілікті сезіну, ашықтықты сақтау және халықтың мүддесін қорғау – менің жұмысымның негізгі қағидаттары.

Мен үшін халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың пікіріне құлақ асу және сенімге адал болу өте маңызды. Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмауы керек деп есептеймін.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым ашықпын. Әрбір тұрғынды мұқият тыңдауға, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуге және олардың шешілуіне өз құзыретім шеңберінде ықпал етуге дайынмын.

Менің ұстанымым – халықпен бірге болу, халықтың үнін жеткізу және әрбір істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Өйткені ел сенімі — мен үшін үлкен жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау – басты міндетім. Қызмет етуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Заитов Т.З.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz