• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы
1
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы, 1966 жылғы 5 қыркүйекте Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында дүниеге келдім.

1989 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, еңбек жолымды мемлекеттік қызметтен бастадым. Бірнеше жыл бойы ішкі саясат және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында қызмет атқарып, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, коммуналдық мәселелерді шешу және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағыттарында мол тәжірибе жинақтадым.

Кейін аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ұйымдастыру жұмыстарының қыр-сырын меңгердім. Бұл қызмет маған әрбір қабылданған шешімнің жауапкершілігін терең түсінуге, жұмысты жүйелі ұйымдастыруға, мекемелер арасындағы өзара байланысты үйлестіруге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған басқарушылық тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда аудандық партия филиалының төрағасы ретінде халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп келемін. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелерді көтеру, олардың шешілуіне ықпал ету және қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту – күнделікті қызметімнің негізгі бағыттары.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде жинақтаған тәжірибем мен білімімді халық игілігіне жұмсауға, елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуге және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға дайынмын.

Құрметпен, Гүлжан Камамбаева  

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жолдардың сапасын жақсарту, проблемалық учаскелерді жөндеу, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын дамыту және қоғамдық көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету – басты назардағы мәселелердің бірі. Осы мақсатта 2027 жылы Сарыөзек ауылының жалпы ұзындығы 20 км болатын ішкі көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту және электрмен жабдықтау тұрақтылығын арттыру мәселелерін жүйелі түрде көтеремін. Сондай-ақ Сарыөзек ауылында ұзындығы 35 км болатын газ тарту желілерінің құрылысына қоғамдық бақылау жүргізіп, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына ықпал етемін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 30 ауыл тұрғынының жеңілдетілген несие алуына, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуына, отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуына және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруына қолдау көрсетуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Кербұлақ ауданында 2027-2031 жылдар аралығында жоспарланған бюджет қаражаты есебінен жалпы көлемі 154,7 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берілуіне ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Аудандағы шағын және орта бизнесті дамытуға, қызмет көрсету саласын кеңейтуге және жергілікті өнімдерді қайта өңдеуді қолдауға күш саламын. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамтуға жағдай жасап, жыл сайын аудан жастарының кемінде 30 пайызын жұмыспен қамтуға ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2027-2031 жылдар аралығында ауданымызға қажетті дәрігер мамандарын даярлау үшін 70 гранттың бөлінуіне ықпал етемін. Бұл бастама ауыл тұрғындарының білікті дәрігерлерге қолжетімділігін арттыруға, медицина кадрларының тапшылығын азайтуға және медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталады.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сапалы білім алуға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған мәселелерді жүйелі түрде көтеремін. Сарыөзек ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи ойын және спорт алаңдарын дамытуға, сондай-ақ білім беру нысандарына баратын жолдардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

2031 жылға дейін егде жастағы азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, денсаулығын нығайтуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Сарыөзек ауылында белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашуға ықпал етемін.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерінде тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді болуын және білім беру ұйымдарының заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталуын қолдаймын. Оқушылардың электрондық білім беру ресурстарын еркін пайдалануына, мұғалімдердің оқу үдерісінде жаңа технологияларды тиімді қолдануына қолайлы жағдай жасауға және интернет сапасына қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде көтеруге күш саламын.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыруға, санитарлық тазалықты сақтауға, қоқысты жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, жасыл желектерді көбейтуге бағытталған жұмыстарды қолдауға және олардың жүзеге асырылуына ықпал етуге күш саламын. Сондай-ақ тұрғындардың демалуына және қоғамдық іс-шаралар өткізуіне қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға атсалысамын.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы–оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жеріне деген сүйіспеншілігі. Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауы тиіс. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жаңа жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер жай ғана уәде болып қалмай, нақты іске асуы керек деп есептеймін.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен оларды кезең-кезеңімен шешуге, депутаттық өкілеттіктерім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге күш салуға болады. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты іспен бекітілуі және әрбір бастаманың нәтижелі жүзеге асуы маңызды.

МЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІМ

Әрбір ауылдың дамуына және әрбір тұрғынның мүддесіне бірдей мән беру – басты қағидам. Еңбекті бағалау, сөз бен істің бірлігін сақтау, қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу және халық сенімін ақтау – негізгі ұстанымдарым.

Мен үшін тұрғындардың пікірі мен ұсыныстары ерекше маңызды. Сіздердің өтініштеріңізді назардан тыс қалдырмай, көтерілген мәселелердің шешімін табуға күш салып, ел игілігі жолында бірлесе жұмыс атқаруға дайынмын.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы  көшесі, 34- үй

Таралымы: 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:58

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БАХТИЯРОВА АЙДАНА МҰРАТБЕКҚЫЗЫ №3 бірмандатты сайлау округі Ардақты...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz