• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:58
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БАХТИЯРОВА АЙДАНА МҰРАТБЕКҚЫЗЫ №3 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

Ардақты ағайын, қадірлі ауылдастар!

Мен, Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы 1991 жылы 22 қазанда Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында дүниеге келдім.

Сіздерге Сарыөзек ауылының болашағына бейжай қарамайтын, елдің мұң-мұқтажын түсінетін және туған жердің дамуына үлес қосуды мақсат еткен азамат ретінде үндеу жолдаймын.

Менің басты мақсатым – Сарыөзек ауылы мен Кербұлақ ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, өзекті мәселелердің шешілуіне және әр азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған нақты жұмыстарға атсалысу.

Ауылдың дамуы – оның инфрақұрылымымен ғана емес, тұрғындарының тұрмысымен, балалардың сапалы білім алуымен, жастардың жұмыспен қамтылуымен, қарттардың әлеуметтік қорғалуымен және халықтың билікке деген сенімімен өлшенеді.

Мен депутаттық қызметті тұрғындардың өтініштерін тыңдап қана қою емес, оларды мәслихат деңгейінде көтеріп, шешімін табуына жүйелі түрде ықпал ету деп түсінемін.

«ӘДІЛЕТ» партиясының әділеттілік, заң үстемдігі, жауапкершілік, еңбекқорлық және ашықтық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, төмендегі 10 бағыт бойынша жұмыс істеуді ұсынамын.

Негізгі ұстанымым – тұрғындардың қажеттілігін ескеру, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту және жоспарланған жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына депутаттық өкілеттігім шеңберінде ықпал ету!

Құрметпен,  Бахтиярова Айдана

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ішкі көшелерді жөндеу, жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін жасау және көше жарығын жақсарту бойынша басымдықтар тізімін ұсынамын. Мектептер, емдеу мекемелері және адам көп жиналатын қоғамдық орындарға апаратын жолдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударамын.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

Қуаты 42 МВт. болатын жаңартылатын энергия көздері жобасын іске асыруға қолдау көрсету және оның өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға қосатын үлесін назарда ұстаймын. Газдандыру жұмыстарының аяқталуын, газға қосылу рәсімдерінің түсінікті болуын және тұрғындар үшін қосылу құнының негізділігін бақылау мәселесін көтеремін.  су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары қолданылатын егіс алқаптарының көлемін 2 мың гектарға дейін ұлғайтуға ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

24,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі жоспардың орындалуына ықпал етемін. Бір тірек ауылдық елді мекеннің немесе оған іргелес ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетемін. к 10 тұрғын үйдің уақытылы аяқталуына қоғамдық бақылау жүргіземін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал етемін.Шағын бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі ұсыныстарды көтеремін.Қызмет көрсету, сауда, өндіріс және өнім өңдеу салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдаймын.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Сарыөзек ауылында шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. Ә.Сарыбаев атындағы аудандық  мәдениет үйін жөндеу арқылы ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Бекітілген жоспар негізінде Сарыөзек ауылының аудандық емханасына  қажеттілік пен басымдықтарды ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарын қажетті 684 жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруды үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу бойынша еліміздің әрбір ауданында ресурстық (тірек) орталықтар құруға ат салысамын. мектепке дейінгі ұйымдарда 30 жаңа орын ашу арқылы балалардың балабақшаға қолжетімділігін арттыруға ат салысамын.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты қарттардың, мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қолдау шараларына қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Сарыөзек ауылы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін назарға алып, мемлекеттік жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолдаймын.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Сарыөзек ауылы мен Кербұлақ ауданына қарасты ауылдық елді мекендерде сапалы интернет пен тұрақты байланыстың қолжетімді болуына ықпал етемін. Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті арттыру және интернет сапасы төмен аумақтардағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды тиісті органдарға жеткіземін.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Сарыөзек ауылының санитариялық тазалығын сақтауға, көшелерін көгалдандыруға және қоғамдық орындарын абаттандыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асуына ықпал етемін. Заңсыз қоқыс орындарын жою, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, ағаш отырғызу және жасыл желектерді күтіп-баптау мәселелерін назарда ұстаймын.

ҚҰРМЕТТІ САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Туған жердің гүлденуі мен ауылымыздың өркендеуі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сарыөзектің болашағы жарқын, тұрғындарының тұрмысы жайлы, ұрпағымыздың келешегі кемел болуы үшін бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсат жолында ынтымақ танытуымыз қажет.

Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды, әрбір отбасының амандығы қымбат. Ауылымыздағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмай, халықтың талап-тілегін тыңдап, оларды шешу жолдарын тиісті орындарда көтеруге және нақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуді басты міндетім деп санаймын.

Баршаңызды туған өлкеміздің игілігі үшін белсенділік танытып, жақсы бастамаларға қолдау көрсетуге және ауылымыздың дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын!

Бірлігіміз – берекеміз, ынтымағымыз – тірегіміз болсын! Әр шаңыраққа амандық, әр отбасына бақ-береке, Сарыөзегімізге өркендеу тілеймін!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34- үй

Таралымы: 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Бахтиярова Айдана Мқұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz