• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанов Ернар Батырғалиұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:53
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанов Ернар Батырғалиұлы
7
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының
депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВ ЕРНАР БАТЫРҒАЛИҰЛЫ № 14 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Рамазанов Ернар Батырғалиұлы, 1983 жылғы 18 наурызда Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Талды ауылында дүниеге келдім. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, еңбекқорлықты, жауапкершілікті және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді бойыма сіңіріп өстім.

1989 жылы Лесновка орта мектебіне қабылданып, 1996 жылдан бастап грек-рим күресімен айналыстым. Спорттық қабілетімнің арқасында Тұрпан ауылындағы спорт сыныбына ауысып, 1997 жылы Жаркент қаласындағы №6 мектеп-интернатында білімімді жалғастырдым.

2000 жылы мектепті тамамдап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дене шынықтыру және спорт факультетіне арнайы шақыртумен оқуға түсіп, 2004 жылы бітірдім.

Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионымын, 1998 жылы Мәскеуде өткен жасөспірімдер олимпиадасының күміс жүлдегерімін, 2008 жылы Грекияда өткен студенттер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегерімін, Универсиаданың төрт дүркін чемпионы және ҚР Кубогының жеңімпазымын.

Еңбек жолын спорт саласына арнап, 2008-2012 жылдары «Дәулет-Жаркент» спорт клубында жаттықтырушы болдым. 2016 жылдан №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы, 2021-2024 жылдары №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі және тәрбие  жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2025 жылдан бері №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер әрі жаттықтырушы болып еңбек еттім.

2023-2026 жылдары Панфилов аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты ретінде қоғамдық-саяси қызмет атқардым. Қазіргі уақытта 2026 жылдың ақпан айынан бастап №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарудамын. «ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесі ретінде өз қызметімде әділдік, заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанып келемін. Халықтың мүддесін қорғауды, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алуды және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды басты міндеттерімнің бірі деп санаймын.

Құрметпен, Ернар Рамазанов

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін арттыру үшін күш саламын.

Жерұйық шағынауданына кіреберіс жолдың 1,7 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Еңбекші, Тұрпан,Талды (Лесновка) ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 40 шақырымнан асатын газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысын жүзеге асыруға ықпал етемін.

Еңбекші ауылындағы Уәлиханов көшесінің 1,7 шақырым учаскесіне түнгі көше жарықтандыру құрылғыларын орнату мәселесін шешуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейту, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсетемін.

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және өз ісін кеңейтуіне жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және мемлекеттік қолдау шараларының аудан тұрғындары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық беремін.

   4.АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Аудан көлеміндегі 40 мың гектар суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

Мемлекеттік субсидиялар, тұқым, жемшөп және техникаға қатысты қолдау тетіктері туралы ақпаратты ауыл тұрғындарына түсінікті форматта жеткізуді ұйымдастыруға атсалысамын.

5.ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Аудан бойынша 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізу, оның ішінде

Талды ауылдық округінде халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудан аумағындағы медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендетуге бағытталған жұмыстарға ықпал етемін.

2031 жылға дейін Жерұйық ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастауға ықпал етемін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

2031 жылға дейін Сыпатаев атындағы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

Талды ауылдық округінің мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш саламын.

  1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚТЫ ДАМЫТУ

Ауданда барлық қаржыландыру көздері есебінен 350 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауданның шалғай елді мекендерінде мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға және қамту аясын кеңейтуге күш саламын. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдаймын.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізуге ықпал етемін.

Аудан аумағында 7 мыңнан астам ағаш пен жасыл желек отырғызуға ықпал етемін.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздердің әрқайсыларыңыздың дауыстарыңыз–ел болашағына қосылған маңызды үлес. Бүгінгі таңдауымыз ертеңгі қоғамымыздың дамуына, ұрпақтарымыздың жарқын болашағына ықпал етеді.

Сайлау–әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, азаматтық жауапкершілігін танытатын маңызды мүмкіндік. Сондықтан баршаңызды сайлау науқанына белсенді қатысуға, өз таңдауларыңызды саналы түрде жасауға шақырамын.

Еліміздің ертеңі–өз қолымызда! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділдік. Заңдылық. Жауапкершілік. Ашықтық.

Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға, маңызды мәселелерді құзыретті органдардың алдына қоюға, басым міндеттердің ауданның даму жоспарына енгізілуіне ықпал етуге және депутаттық өкілеттігім шегінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.

Барлық мәселені бірден шешемін деп уәде бермеймін, алайда әрқайсысын кезең-кезеңімен шешу үшін жүйелі жұмыс істеп, тұрғындарды нәтижелер туралы хабардар етуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Рамазанов Е.Б.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz