• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дарубаева Айгүл Жұмағұлқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:11
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дарубаева Айгүл Жұмағұлқызы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ДАРУБАЕВА АЙГҮЛ ЖҰМАҒҰЛҚЫЗЫ №7 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Дарубаева Айгүл Жұмағұлқызы, 1971 жылғы 3 наурызда Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылында дүниеге келдім.

1988-1993 жылдары І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында білім алып, «физика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығын меңгердім.

Еңбек жолымды білім беру саласында бастап, осы салада 32 жылдық еңбек өтілімді қалыптастырдым. Оның ішінде 15 жыл бойы басшылық қызметтерді атқарып келемін.

Еңбек жолымда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, аудандық білім бөлімінің әдіскері, бірнеше білім беру ұйымдарының директоры қызметтерін атқардым. 2025 жылдың қараша айынан бастап «Жаркент қаласының орта мектебі» КММ («Келешек мектеп») директоры қызметін атқарып келемін. 2021-2023 жылдары мектеп басқарудағы инновациялық менеджмент және «Бірге басқарамыз» бағыттары бойынша біліктілігімді арттырдым.

Біліктілік санатым – бірінші санатты басшы, басшы-көшбасшы.

Басқарушылық қызметтегі басты ұстанымым–білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру және мектептің қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайту.

Алға қойған мақсатым – нақты іске негізделген жұмыс жүргізу, тұрғындармен ашық әрі сенімді диалог орнату, ұжымның бірлескен еңбегі арқылы туған өлкеміздің дамуына үлес қосып, ел игілігі үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Құрметпен,  Дарубаева Айгүл Жұмағұлқызы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Жаркент қаласындағы ішкі жолдардың сапасын жақсартып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 73%-ға жеткізуге ықпал етемін.

Көшелердің жол белгілерін көбейтіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етемін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жаркент қаласындағы ұзындығы 75,4 км. бас су қабылдағышты қайта жаңарту және жаңадан салу жұмыстарына ықпал етемін.

Жаркент қаласы көшелерін сапалы әрі үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы  шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесемін.

Ауданда су үнемдеу технологияларын 2027 жылға  23,8 мың гектарға жеткізу жоспарының орындалуына ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Жаркент қаласында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және 3 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдап, халықтың тұрақты табыс табуына ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2029 жылы Жаркент қаласындағы емханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін назарда ұстап, жобаның уақытылы жүзеге асуына ықпал ету және тұрғындарға қолайлы медициналық жағдай жасауға қолдау көрсетемін.

  1. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

2031 жылға дейін Жаркент қаласындағы Б. Назым және Б. Момышұлы атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етемін. Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, мектептердің санитариялық жағдайын жақсартуға және оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға атсалысамын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындардың мәселелерін назарға алып, тиісті мекемелерге жеткізуге, мемлекеттік жәрдемақылар мен қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Жаркент қаласында мемлекеттік мекемелерді цифрландыруға және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН ҚАЛА

Жаркент қаласында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуді дамыту, экологиялық тазалықты жақсарту, 2030 жылға дейін қайта өңдеу үлесін 47,2%-ға жеткізуге ықпал етемін.

 «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін.

Білім мен жаңашылдық – жарқын болашаққа бастар жол!

Кәсіпкерлікке мүмкіндік – ауылға өркендеу әкеледі!

Әр бастама тұрғындардың игілігіне қызмет етсін!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауызбіршілік пен өзара сенім бар жерде нақты өзгерістерге жол ашылады. Сондықтан мен үшін ең маңыздысы — құр уәде беру емес, нақты істерге ұмтылу, ашық диалог орнату және тұрғындардың ұсыныстарын ескеру.

Мәслихат депутаттығына үміткер ретінде менің басты мақсатым — халықтың мүддесін қорғау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Елді мекеніміздің көркеюі, инфрақұрылымның жақсаруы, әлеуметтік мәселелердің шешілуі және халықтың өмір сүру сапасының артуы — ортақ міндетіміз.

Мен ашықтықты, жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты басты ұстанымым деп білемін. Тұрғындардың талап-тілегін тиісті деңгейде көтеріп, заң аясында нақты шешімдер қабылдануына ықпал етуге күш саламын.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің ұстанымым — халыққа адал қызмет ету, тұрғындардың мүддесін қорғау және туған өлкемнің дамуына үлес қосу. Халық сенімі — мен үшін абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Дарубаева А.Ж.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz