• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асанова Шеринбуви Шакировна

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:40
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асанова Шеринбуви Шакировна
4
просм.
WhatsappTelegram

 САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АСАНОВА ШЕРИНБУВИ ШАКИРОВНА №10 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Асанова Шеринбуви Шакировна, 1968 жылғы 8 қарашада Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келдім.

1992 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтын тамамдап, сол жылы еңбек жолымды С.М. Киров атындағы орта мектепте шет тілі пәнінің мұғалімі болып бастадым. 1993 жылы Билал Назым атындағы орта мектепке ауысып, осы білім ордасында ұстаздық қызметімді жалғастырдым.

Білім беру саласындағы еңбек жолымда ұстаздықпен қатар басшылық қызметтерді де абыроймен атқарып келемін. 2011 жылдан бастап мектеп директоры ретінде білім ордасының дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына өз үлесімді қосып келемін.

Қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласып, 2012 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. 2015 жылдан бастап аудан әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде ел мүддесіне бағытталған қоғамдық жұмыстарға атсалысып келемін.

2024 жылдың қараша айынан бастап «Х. Хамраев атындағы орта мектеп» КММ директоры қызметін атқарып келемін.

Өмірлік ұстанымым – адал еңбек, жауапкершілік, әділдік және елге қызмет ету. Білім саласындағы мол тәжірибем мен қоғамдық қызметтегі жинақтаған білімімді туған өлкемнің өркендеуіне, білім сапасының артуына және қоғамның дамуына жұмсауды басты парызым деп санаймын.

Басты мақсатым – құрғақ уәде емес, нақты жұмыс пен нәтижеге негізделген қызмет атқару, тұрғындармен ашық әрі шынайы диалог орнату, ел сенімін ақтап, туған өлкеміздің игілігі жолында жемісті еңбек ету.

Құрметпен, Асанова Шеринбуви Шакировна

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

      Жаркент қаласындағы Жансүгіров көшесінің 5,7 шақырым және Қонаев көшесінің 2,6 шақырым жол бөліктерін жөндеуге ықпал етемін.2030 жылға дейін тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін блокты-модульдік қазандықтарды орнатуға атсалысамын.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жаркент қаласында ұзындығы 75,4 км. болатын бас су құбырын қайта жаңарту және жаңадан салу жобасын іске асыруға ықпал етемін.

Аудан бойынша 400 км. ден астам газ құбырын және газ тарату желілерін салуға ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

       Шаруаларға субсидия, техника, тұқым және су үнемдеу технологиялары бойынша ақпараттық қолдау көрсетуге ықпал етемін. Жаркент қаласында мал өлекселерін қауіпсіз жоюға арналған арнайы орын (Беккери шұңқырын) ұйымдастыруға атсалысамын.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

       Ауылдық елді мекендерде тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін жобаларды дамытуға ықпал ету.

Әр жыл сайын 30% жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге және денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыстарды қолдаймын. Жаркент қаласындағы аурухананы реконструкциялау мерзімі, қаржыландыруы және іске асырылу барысына ықпал етемін.

6.ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

2028-2030 жылдары Жаркент қаласындағы Б. Назым атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және санитариялық жағдайын жақсартуға ықпал етемін. Оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға атсалысамын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Аудандағы «Күміс волонтерлермен» кездесулер өткізуді 3%-ға жеткізуге

атсалысамын. Аудан ауылдарының Мәдениет үйілеріне күрделі жөндеу жұмыстарына ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

2030 жылға дейін Жаркент қаласындағы мектептер мен колледждерді сапалы әрі тұрақты интернетпен қамту деңгейін арттыруға ықпал етемін.

Білім беру ұйымдарының интернет жылдамдығын жақсартуға және оқушылар мен студенттердің цифрлық білім ресурстарына қолжетімділігін кеңейтуге атсалысамын.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізуге ықпал етемін. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргізуге атсалысамын.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін депутаттыққа кандидат болу – жай ғана мәртебе емес, бұл – халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен ел болашағына деген азаматтық аманат.

Білім саласында еңбек ете жүріп, ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Өйткені білімді ұрпақ – мемлекеттің тірегі, ал сапалы білім мен саналы тәрбие – жарқын болашақтың негізі.

Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, мәселені көтеру ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету – басты міндетім.

Мен құр уәде беруден гөрі, нақты іспен дәлелдеуді жөн көремін. Әділдік, адалдық, ашықтық және жауапкершілік – өмірлік ұстанымдарым.

Менің мақсатым – халықпен бірге болып, халықтың үніне құлақ асып, ауданымыздың дамуына өз үлесімді қосу.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты қағидам – халық мүддесін қорғау, әр тұрғынның пікірін құрметтеу және өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Ашықтық, адалдық пен жауапкершілікті жұмысымның негізгі ұстанымы деп білемін.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, олардың шешілуіне өз құзыретім аясында атсалысуға дайынмын. Өйткені халық сенімі – үлкен жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау – менің басты міндетім.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Асанова Ш.Ш.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz