• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Умарова Бағдат Қадырбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:52
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Умарова Бағдат Қадырбекқызы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат УМАРОВА БАҒДАТ ҚАДЫРБЕКҚЫЗЫ №2 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Умарова Бағдат Қадырбекқызы, 1976 жылы Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылында дүниеге келдім. Туған өлкенің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік. Еңбек жолымда елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді, тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңызын және халықпен тұрақты байланыс орнатудың қажеттілігін терең түсіндім. Күнделікті өмірде тұрғындарды толғандыратын мәселелер көбіне нақты әрі өзекті: сапалы жол, таза ауызсу, жарықтандырылған көшелер, қолжетімді әлеуметтік қызметтер және тұрақты табыс көзі.

Менің ойымша, жергілікті мәселелерді шешу барысында тұрғындардың пікірі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Халықтың ұсыныстарын тыңдап қана қоймай, оларды тиісті мекемелерге жеткізу, шешу жолдарын бірлесіп қарастыру және орындалу барысын бақылау маңызды. Нәтижелі жұмыс ашықтыққа, өзара сенім мен жауапкершілікке негізделуі керек.

Ауданның дамуы тек орталықтағы өзгерістермен өлшенбейді. Әрбір ауылдың жағдайы, әр отбасының тұрмысы мен жастардың болашағы назарда болғанда ғана ортақ даму мақсатына қол жеткізе аламыз. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тұрғындардың мүддесін қорғауға, елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын. Халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, туған өлкемнің дамуына өз үлесімді қосуды азаматтық парызым деп санаймын.

Құрметпен, Умарова Бағдат  

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Малайсары ауылындағы жалпы ұзындығы 2,83 км. болатын ішкі көше жолдарын жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жұмыстардың жүзеге асуына атсалысамын. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге басымдық беремін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

2028 жылға дейін Қарашоқы ауылында (50,7 км.), Малайсары ауылында (15км), Сарыбастау ауылында (37км.) және Рудник Архарлы ауылында (49км.) жеткізуші газ құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жобалардың жүзеге асуына атсалысамын. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету және ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды назарда ұстаймын.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 30 ауыл тұрғынының жеңілдетілген несие алуына қолдау көрсетіп, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыруға атсалысамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2027-2031 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен 154,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарына қолдау көрсетіп, халықтың қолжетімді баспанамен қамтылуына атсалысамын.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жастардың кәсіптік әлеуетін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдап, жыл сайын жастардың кемінде 30%-ын жұмыспен қамтуға атсалысамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2027-2031 жылдар аралығында ауданға қажетті медициналық мамандықтар бойынша 70 гранттың бөлінуіне қолдау көрсетіп, білікті кадрлар даярлауға, дәрігер тапшылығын азайтуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға атсалысамын.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Ұлттық Мектеп лигасы аясында оқушыларды ұлттық және бұқаралық спорт түрлеріне тартуды қолдаймын. 2031 жылға дейін спорттық жарыстарға қатысатын оқушылар санын 2 200-ге жеткізуге атсалысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлттық спортты дәріптеуге күш саламын.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің техникалық және кәсіптік білім алуына тең мүмкіндік жасауға қолдау көрсетемін. 2031 жылға дейін олардың кәсіптік біліммен қамтылу үлесін 90%-ға жеткізуге атсалысып, кәсіби дамуы мен еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасауға күш саламын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерін сапалы интернетпен және заманауи цифрлық технологиялармен жабдықтауға, оқушылардың электрондық білім беру ресурстарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге атсалысамын.

10. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙГЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарын қолдап, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта қалыптастыруға күш саламын.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылымыздың басты байлығы – еңбекқор тұрғындары. Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауы тиіс, әрбір отбасы қолайлы өмір сүру жағдайына лайық. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жаңа жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты іске асуы керек.

Мен барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен олардың шешілуіне жүйелі түрде күш салып, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттіктерім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірлесе еңбек ету арқылы ауданымызды әрбір тұрғын өмір сүргісі келетін, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелегісі келетін көркейген әрі жайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІМ

Әрбір тұрғынға және әрбір ауылға тең әрі әділ көзқарас таныту – менің басты ұстанымдарымның бірі. Еңбекті бағалау, сөз бен істің бірлігін сақтау, қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу, ашықтық қағидаттарын ұстану және тұрғындардың мүдделерін қорғау – негізгі жұмыс қағидам. Мен сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Әрбір тұрғынның үнін тыңдауға, сіздерді толғандырған мәселелерді түсінуге және олардың шешілуіне атсалысуға дайынмын.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Айару» ЖК.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34- үй,

Таралымы: 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Умарова Бағдат Қадырбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz