САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ОШАНОВ АЙДЫН КӘРІМҰЛЫ №2 бірмандатты сайлау учаскесі
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Ошанов Айдын Кәрімұлы, 1986 жылғы 26 шілдеде Панфилов ауданы, Ават ауылында дүниеге келдім. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары заңгерлік білімім бар. 2006 жылы Талдықорған заң колледжін, 2010 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын тамамдадым.
Еңбек жолымды 2007 жылы Панфилов ауданының Әділет басқармасында бастадым. 2014 жылдың қараша айынан 2022 жылдың маусым айына дейін жеке нотариус болып қызмет атқардым. 2022 жылғы 3 маусымнан бастап Жетісу облыстық Нотариаттық палатасының мүшесімін.
«ӘДІЛЕТ» партиясының мүшесі ретінде әділдік, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарын қолдаймын. Жинақтаған кәсіби тәжірибемді пайдалана отырып, Атамекен ауылдық округі халқының мүдделерін қорғауды, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуды мақсат етемін.
Менің басты мақсатым – нақты іспен жұмыс істеу, тұрғындармен ашық диалог орнату және туған өлкеміздің игілігі үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу.
Құрметпен Ошанов Айдын
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
- ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Атамекен және Нұркент ауылдарындағы жөндеуді қажет ететін жолдарды жаңарту мәселесін тиісті құзырлы органдардың алдына қоямын.
Ауылішілік көшелердің жағдайын жақсарту, жол белгілерін орнату және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды қолдаймын.
Ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол инфрақұрылымын дамытуға ықпал етемін.
- АУЫЗ СУ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Қорғас, Ават және Ынтымақ ауылдарында газдандыру деңгейін арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге ықпал етемін.
Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін жеткізу мәселесін көтеріп, осы бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетемін.
Электрмен жабдықтау сапасын арттыру, көшелерді жарықтандыруды жақсарту және коммуналдық желілердің үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгіземін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.
Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру және оларды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгіземін.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесемін.
Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларына қатысу және мемлекеттік көмек алу мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсетемін.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Аудан бойынша, оның ішінде Атамекен ауылдық округінде 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.
Қарт адамдарға, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруға және шалғай ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға күш саламын.
Аудан көлемінде 50-ге жуық медицина маманына әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал етемін.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР
Пенжім, Қорғас және Розыбакиев атындағы орта мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін көтеремін. Білім беру ұйымдарына баратын жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, балалар және спорт алаңдарын дамытуға ерекше көңіл бөлемін.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдарға, балалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселесін көтеремін. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал етемін.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауданның шалғай елді мекендерінде мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсарту және желі қамту аясын кеңейту мәселесін көтеремін. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды қолдау және мемлекеттік электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
- ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» аясында Атамекен және Нұркент ауылдарының көшелерін абаттандыру, қоғамдық орындарды тиісті деңгейде күтіп ұстау және жасыл желектер санын көбейту мәселелерін көтеруге ықпал етемін.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың өркендеуі – әрбір тұрғынның жарқын болашағы мен берекелі өмірінің кепілі. Біздің басты байлығымыз – елге жанашыр, еңбегімен туған жерін түлетіп жүрген азаматтар.
Халықтың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерді шешу, әрбір ауылдың дамуына үлес қосу – ортақ міндетіміз. Әрбір бастама нақты нәтижеге, әрбір уәде игі іске ұласуы тиіс.
Менің мақсатым – халықпен бірге болып, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ету. Өйткені туған жердің дамуы – сөзбен емес, нақты іспен өлшенеді!
Бірлігіміз – тірегіміз, еңбегіміз – ертеңіміз, ортақ мақсатымыз – өркендеген аудан!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділдік. Ашықтық. Нақты нәтиже.
Менің басты ұстанымым – халықтың үнін есту, әрбір ұсыныс пен өтінішке жауапкершілікпен қарау және тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Әрбір мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Мен құрғақ уәде беруден гөрі, нақты іске басымдық беремін. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын іздеп, олардың орындалу барысын депутаттық өкілеттігім аясында бақылап, халық алдында ашық есеп беруді маңызды
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім!
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындалған: «Айару» ЖК.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.
Басып шығарылған: «Айару» ЖК.
Таралымы: 1000 дана
Тапсырыс беруші: Ошанов А.К.
Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Telegram


