САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат СЕЙТБЕК МАҚСАТ СЕРІКБАЙҰЛЫ № 11 бірмандаттық сайлау округі
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Сейтбек Мақсат Серікбайұлы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында туып-өстім. Мамандығым бойынша педагогпын. Еңбек жолым кәсіпкерлік саладан бастау алды. Ұйымдастыру мәселелерімен, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға өз үлесімді қосып, бүгінде өзімде жеке кәсіпкермін.
Кәсіпкерлік саласында құрылыс жүргізу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелерімен айналыстым. Бұл тәжірибе мені нақты шешімдердің және ашық есептіліктің маңыздылығына көз жеткізді.
Ауданның дамуы – ең алдымен, адамдарды күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медициналық көмек пен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
Мен әрбір елді мекен назардан тыс қалмауы керек, ал тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайлары қолжетімді болуы тиіс деп есептеймін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні – осында.
Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер тұрады. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетке енгізілуіне күш салып, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беретін боламын.
Құрметпен, Сейтбек Мақсат
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК
Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін арттыру үшін күш саламын.
Ауданы бойынша ауылішілік жолдарды жөндеуге ықпал етемін.
Панфилов ауданы шекаралық аймақ болғандықтан ауыр жүк көліктерінің қозғалысы мен ауыр жүк көліктерінің арнайы тұрақтарын шешуге күш саламын. Ауданның елді мекендері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге және жолдардың сапалы күтіп-ұсталуына ықпал етемін.
- СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Жаркент қаласында ұзындығы 75,4 км. болатын бас су құбырын қайта жаңарту және жаңадан салу жобасын іске асыруға ықпал етемін.
Аудан бойынша 400 км.-ден астам газ құбырын және газ тарату желілерін салуға ықпал етемін.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
Аудан бойынша 40 мың гектардан астам суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беруді кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға ықпал етемін. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға күш саламын.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Ауданда 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту және халықты еңбекпен қамту мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетемін. Жұмыспен қамту, кәсіби оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың іске асырылуына жәрдемдесемін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Жаркент қаласындағы көпсалалы ауруханасының коммуналдық-техникалық объектілерін қайта жаңғыртуға (реконструкциялауға) ықпал етемін.
Аудан көлемінде 50-ге жуық медицина маманына әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал етемін.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Аудан бойынша 9 мектепке STEM-кабинеттерін сатып алуға ықпал етемін.
Ауданның мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш саламын.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламын. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал етемін.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Ауданның шалғай елді мекендерінде мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға және қамту аясын кеңейтуге күш саламын. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдаймын.
- ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР
Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізуге жұмыс істеймін.
Аудан аумағында 7 мыңнан астам ағаш пен жасыл желек отырғызуға ықпал етемін.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Мен үшін ауданымыздың ең басты байлығы – оның адамдары. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіз – ауданымыздың дамуына негіз болатын басты құндылықтар.
Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауға тиіс, ал әрбір отбасы лайықты өмір сүру жағдайларына қол жеткізуі керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер құрғақ уәде күйінде қалмай, шындыққа айналуы қажет.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін табанды түрде жұмыс істеуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір берілген уәденің нақты іспен дәлелденуі маңызды.
Бірлесе күш жұмсасақ, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Менің басты ұстанымым – әрбір тұрғынға құрметпен қарап, әрбір ауылдың мүддесіне тең дәрежеде көңіл бөлу. Еңбекті бағалау, жауапкершілікті сезіну, ашықтықты сақтау және халықтың мүддесін қорғау — менің жұмысымның негізгі қағидаттары.
Мен үшін халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың пікіріне құлақ асу және сенімге адал болу өте маңызды. Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмауы керек деп есептеймін.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым ашықпын. Әрбір тұрғынды мұқият тыңдауға, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуге және олардың шешілуіне өз құзыретім шеңберінде ықпал етуге дайынмын.
Менің ұстанымым – халықпен бірге болу, халықтың үнін жеткізу және әрбір істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Өйткені ел сенімі – мен үшін үлкен жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау – басты міндетім.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындалған: «Айару» ЖК.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.
Басып шығарылған: «Айару» ЖК.
Таралымы: 1000 дана
Тапсырыс беруші: Сейтбек М.С.
Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Telegram


