• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сейтбеков Нұрболат Рахымұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:25
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сейтбеков Нұрболат Рахымұлы
8
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат СЕЙТБЕКОВ НҰРБОЛАТ РАХЫМҰЛЫ №9 бірмандатты сайлау учаскесі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Сейтбеков Нұрболат Рахымұлы 1992 жылғы 5 тамызда Панфилов ауданы, Алтыүй ауылында дүниеге келдім. Өмір жолымды адам денсаулығын сақтау мен халыққа қызмет етуге арнаған медицина маманымын. Еңбек жолымда терапевт және анестезиолог-реаниматолог ретінде тәжірибе жинақтап, адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін терең түсіндім.

Қазіргі таңда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын. Бұл қызметте ана мен бала денсаулығын сақтау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында еңбек етіп келемін.

«Әділет» партиясының мүшесі ретінде әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басты ұстанымым санаймын. Депутаттық қызметтегі негізгі мақсатым – Жаркент қаласы мен Кіші Шыған ауылы тұрғындарының талап-тілектері мен өзекті мәселелерін назарға алып, олардың оң шешілуіне нақты ықпал ету.

Халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту – басты басымдығым. Осы бағытта сапалы білім мен қолжетімді медициналық көмек, қауіпсіз жолдар, қолайлы инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау және жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлемін.

Сонымен қатар, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауды, бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуын қадағалауды маңызды міндетім деп білемін.

Менің басты ұстанымым – құр уәде емес, нақты іс; басты қағидам – ашықтық пен әділдік; ал басты мақсатым – халықтың сенімін ақтап, әрбір тұрғынның үніне құлақ асу.

Елдің дамуы – ортақ жауапкершілік. Халықпен бірге болып, ел игілігі жолында адал   еңбек етуге әрдайым дайынмын!.

Құрметпен, Сейтбеков Нұрболат Рахымұлы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК, ИНФРОҚҰРЫЛЫМ

Жаркент қаласындағы Розыбакиев, Жансүгіров, Уәлиханов және Қонаев көшелерінің жол учаскелерін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.

2030 жылға дейін тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін блокты-модульдік қазандықтарды орнату мәселесін шешуге атсалысамын.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Жаркент қаласында шағын және орта бизнесті дамытуға, тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың табысын арттыруға ықпал етемін.

3.  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Шаруалардың мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділігін арттырып, субсидия, техника, тұқым және су үнемдеу технологиялары бойынша ақпараттық қолдау көрсетуге ықпал етемін.
Жаркент қаласында мал өлекселерін қауіпсіз залалсыздандыруға арналған арнайы орын (Беккери шұңқырын) ұйымдастыруға атсалысу арқылы санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосамын.

4.  ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Жаркент қаласында жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты тұрғындарға уақытылы жеткізуге ықпал етемін.

Жастар мен жұмыссыз азаматтардың кәсіби біліктілігін арттыруына, жаңа мамандықтарды меңгеруіне және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсетемін.

5. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2029 жылы Жаркент қаласындағы емханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін назарда ұстап, жобаның уақытылы жүзеге асуына ықпал ету және тұрғындарға қолайлы медициналық жағдай жасауға қолдау көрсетемін.
Аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 20 мыңнан астам адамды қамтитын ауылдық елді мекендерді жылжымалы медициналық кешендермен және медициналық пойыздардың қызметімен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

6. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Аудан бойынша 9 мектепке STEM-кабинеттерін сатып алуға ықпал етемін.
Ауданның мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш саламын. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға атсалысамын.

7. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға мемлекеттік көмек пен жәрдемақыларды алу жолдарын түсіндіруге, олардың өтініштерін тиісті мекемелерге жеткізіп, мәселелерінің шешілуіне ықпал етуге басымдық беруге күш саламын.

8. КІШІ ШЫҒАН АУЫЛЫН ДАМЫТУ

Ауылдың жол, ауызсу, электр энергиясы және көше жарығы мәселелерін шешуге, мектепті жаңғыртуға, ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және ауыл кәсіпкерлігін қолдауға басымдық беремін.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Жаркент қаласындағы аурухана, мектептер және мемлекеттік мекемелерді сапалы интернетпен қамту деңгейін 2030 жылға дейін 70%-ға арттыруға, цифрлық қызметтердің қолжетімділігі мен жұмыс тиімділігін жақсартуға ықпал етемін.

10. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жаркент қаласының көшелерін көгалдандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етемін.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін ең үлкен құндылық – халықтың әл-ауқаты мен туған жеріміздің тұрақты дамуы. Әрбір тұрғынның пікірі маңызды, ал халықтың сенімі үлкен жауапкершілік жүктейді.

Басты мақсатым – Жаркент қаласының инфрақұрылымын жақсартуға, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға ықпал ету.

Әр мәселенің шешімі уақыт пен жүйелі жұмысты талап етеді.    Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын назарға алып, өзекті мәселелердің шешілуіне депутаттық өкілеттігім аясында атсалысуға дайынмын. Мен үшін құр сөзден гөрі нақты іс пен нәтижелі жұмыс маңызды.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, олардың ұсыныстары мен мәселелеріне бейжай қарамай, әрбір өтініштің шешілуіне ықпал ету. Ашықтық, адалдық пен жауапкершілік – жұмысымның негізгі қағидаттары.

Халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың пікірін      тыңдауға және өзекті мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесе шешуге атсалысуға дайынмын.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Сейтбеков Н.Р.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

 

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz