• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
-1°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Новости Общество

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

Вестник Жетісу
26 июня 2024, 13:37
Общество
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қандай артықшылықтары бар

magadan.ldpr.ru.

0
просм.
WhatsappTelegram

Әлеуметтік аударымдар жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жұмыскердің табысының 3,5% мөлшерлемесі бойынша төленуге тиіс.

Қазақстанда мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың қатысуы қамтамасыз етілген халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасты.

Нарықтық экономика жағдайында рөлі басым болып табылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін халық үшін Қазақстан Республикасында 2005 жылдан бастап енгізілген халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің екінші (қосымша) деңгейі болып табылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік аударымдарды жинақтайтын және әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) орталық орынды алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдерді қамтиды. Бұл жүйенің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі бұл жүйеге қатысу міндеттілігі және жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту деңгейін арттыру маңызды болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жұмыскердің табысының 3,5% мөлшерлемесі бойынша төленуге тиіс. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен бір ең төмен жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуметтік аударымдардың ең төменгі және ең жоғарғы мөлшерлері айқындалған.

Әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі 25-ші күнінен кешіктірмей жүргізу қажет. Әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау салық органдарына жүктелген.

Мемлекет міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің тұрақты орындалуына кепілдік береді. Өз кезегінде, төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды толық және уақтылы төлеуі жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдардың төленген сомасына, сондай-ақ оларды төлеу ұзақтығына тікелей байланысты. Дәл осындай қағидаттар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.

Қордың мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесі ашық, өйткені төлемдерді тағайындау үшін қалыптастырылған электрондық іс макеті Қорға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан немесе электрондық форматта келіп түседі. Осылайша, әлеуметтік аударымдардың түскен сомалары туралы ақпарат алуға және әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі жөнінде түсініктеме алуға жүгінетін жағдайларды қоспағанда, Қор қызметкерлерінің халықпен тікелей байланысы барынша азайтылған.

Әлеуметтік аударымдардың төленген сомалары туралы ақпарат алуға жұмыс істейтін халықтың қол жетімділігі маңызды. Қазіргі уақытта egov.kz. электрондық үкімет порталы, онлайн-режимде банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және Қор филиалдары арқылы әлеуметтік аударымдардың түсуі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі жүзеге асырылды. 

Тұтастай алғанда, жұмыс істейтін азаматтар базалық мемлекеттік жәрдемақылармен қатар Қордан әлеуметтік төлемдерді ала отырып, жұмыс істемейтіндерге қарағанда артықшылыққа ие болады. Осыған байланысты, еңбек шарттарының болуы жұмыскерлерге тек еңбек қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік кепілдіктер де береді.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра және халықты жұмыспен қамту үшін ынталандыра отырып, бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының маңызды және қажетті элементіне айналып отыр.

МӘСҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Э. БОРАНБЕК.

Тэги: қазақстан

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Ежедневно до 70 человек добровольно становятся донорами в Жетісу

Ежедневно до 70 человек добровольно становятся донорами в Жетісу

Татьяна Демидова
5 февраля 2026, 16:32

В Казахстане февраль объявлен месяцем безвозмездного донорства крови. Инициатива, старт которой дала министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, получила поддержку во...

Аким Талдыкоргана взял на контроль проблемы работников теплоснабжения

Аким Талдыкоргана взял на контроль проблемы работников теплоснабжения

Вестник Жетісу
5 февраля 2026, 13:35

Аким г. Талдыкоргана Ернат Бәзіл провёл рабочую встречу с сотрудниками предприятия «Талдықорғанжылусервис», обеспечивающего город теплом. В ходе визита он ознакомился...

В Айнабулаке завершается реконструкция въездного моста

В Айнабулаке завершается реконструкция въездного моста

Вестник Жетісу
5 февраля 2026, 11:21

В селе Айнабулак Коксуского района близится к завершению реконструкция моста, расположенного на въезде в населенный пункт. Работы ведутся в рамках...

Новости Казахстана

⁠ Айдарбек Ходжаназаров предложил закрепить национальную валюту — тенге в Основном законе

5 февраля 2026, 17:35
Новости Казахстана

Правительство обновило порядок выплат премий и бонусов госслужащим

5 февраля 2026, 17:03
Общество

Ежедневно до 70 человек добровольно становятся донорами в Жетісу

5 февраля 2026, 16:32
Новости Казахстана

В ОСДП обсудили проект новой Конституции

5 февраля 2026, 16:15
Новости Казахстана

Сатыбалды Даулеталин: Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы

5 февраля 2026, 15:59

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление общественного развития области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Редакция +7 (702) 991 6174
Реклама +7 (747) 286 2041
© 2023-2025 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности
Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz