САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
«Ақ жол» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат ОРАЗБАЕВ ШАЛҚАР ЕЛІСҰЛЫ
Мен, Оразбаев Шалқар Елісұлы 1975 жылғы 7 сәуірде Көксу ауданы, Ақтекше ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы мектеп бітіріп, І. Жансүгіров атындағы Педагогикалық институт филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мамандығы бойынша тамамдап. 2002-2005 жылдары аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті музыка пәнінің мұғалімі, 2013-2015 жылдары аралығында аталған университеттің музыкалық білім мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
1996-2004 жылдары — Көксу ауданында Кабан Жырау атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог –ұйымдастырушы.
2004-2005 жылдары — Талдықорған қаласында Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығында директордың орынбасары,
2005-2007 жылдары — №18 Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектеп-лицейінде үйірме жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы.
2007-2013 жылдары — І. Жансүгіров атындағы ЖМУ колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәнінің оқытушысы.
2015-2016 жылдары — №18 Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектеп-лицейінде музыка пәнінің мұғалімі.
2016-2021 жылдары — І. Жансүгіров атындағы ЖМУ колледжінде музыкалық білім кафедрасының оқытушысы.
2021-2022 — №14 орта мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2022 жылдан бастап — Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің директоры қызметіндемін.
Отбасылымын әйелім – Шынар Мукашевна Декембаева жеке кәсіпкер, қызым Дамира Шалқарқызы, ұлдарым Алинұр Шалқарұлы – оқушы , ұлым — Айсұлтан Шалқарұлы – оқушы.
Ақжол партиясының мүшесімін.
Құрметпен, Шалқар Оразбаев.
«Ақ жол» партиясының нақты міндеттері мен мақсаты
Бұл алты тақырып партияның әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік басқару салаларындағы ұсыныстарын қамтиды. Оларды қолданыстағы заңдар мен бекітілген мемлекеттік жеңілдіктерден ажырата білуіміз қажет.
1. Қолжетімді медицина және МӘМС жүйесінің ашықтығы
Бағдарламада медициналық сақтандыру жарналарын азаматтың жеке шотымен байланыстыру ұсынылады. Бұл азаматқа аударылған қаражат туралы ақпарат алуға, дәрігер мен емхананы таңдауға және емге төленген қаражатты бақылауға мүмкіндік береді. Ұсыныстың мақсаты — сақтандыру қаражатының есебін азаматқа түсінікті ету және пациенттің таңдау мүмкіндігін кеңейту.
2. Баспананы қорғау
Бағдарламада азаматтарды жалғыз баспанасынан шығаруға толық тыйым салу ұсынылады. Бұл ұсыныс қарызын өтеуде қиындыққа тап болған азаматтар мен отбасылардың баспанасын қорғауға бағытталған. Жалғыз баспананы қорғау қарызды автоматты түрде есептен шығаруға әкелмейді.
3. Ауыл жастарына қолжетімді баспана
Ауылдан қалаға оқуға немесе жұмыс істеуге келген жастарға шағын әрі бағасы қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй салу ұсынылады. Бағдарламада шағын өндіріс орындарына, білім беру мекемелеріне және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына арналған үй-жайлар да қарастырылған. Бұл бағыт жастардың қала өміріне бейімделу, білім алу және еңбек жолын бастау кезеңінде туындайтын баспана мәселесін қамтиды.
4. Әлеуметтік төлемдерді нақты қажеттіліктерге сай есептеу
Партия ең төменгі жалақыны, ең төменгі зейнетақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды күнкөріс минимумы негізінде есептеуді ұсынады. Күнкөріс минимумы азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметтер мен қоғамдық көлікке кететін шығындардың нақты құнын көрсетуі тиіс. Ұсыныстың мәні — әлеуметтік қолдау мөлшерін адамның күнделікті негізгі қажеттіліктеріне сай белгілеу.
5. Кәсіпкерлікті қолдау және өндірісті дамыту
Бағдарламада шағын және орта бизнестің жұмыс істеу жағдайын жақсарту, өндірісті кеңейту және инвестиция тарту мәселелері қамтылған. Адал бәсекелестікке және кәсіпорындарды жаңғыртуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тақырыпты жергілікті деңгейде талқылағанда кәсіпкерлерге кедергі келтіретін нақты мәселелерді қарастырып, мәслихаттың өкілеттігі мен жалпыұлттық салық және қаржы саясатына қатысты мәселелерді ажырата білу қажет.
6. Ашық бюджет және өкілді органдардың бақылауы
Партия Құрылтай мен мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтіп, мемлекеттік қаражаттың жұмсалу ашықтығын арттыруды ұсынады. Бұл бағыт бюджет қаражатының қайда бөлінгенін, қалай жұмсалғанын және қандай нәтиже бергенін назарда ұстайды. Жергілікті деңгейде бюджет туралы ақпарат тұрғындарға түсінікті болуы және қабылданған шешімдердің орындалуы жөнінде есеп берілуі маңызды.
Заң алдында бәрі тең. Әрбір тұрғынның құқықтары мен мүдделерін қорғау, заң үстемдігі мен әділдікті сақтау, жауапкершілік пен ашықтықты қамтамасыз ету – менің басты ұстанымдарым.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Оразбаев Шалқар Елісұлы.
Төленген қаражат көзі: республикалық бюджет қоры.

Telegram


