Сайлауалды бағдарлама
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидат Сарпеков Ұлан Нәбиұлы.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Бүгінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, шаруа қожалығын басқарып келемін. Сондықтан ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруалардың еңбегін және тұрғындарды толғандырған мәселелерді жақсы білемін.
Мен үшін депутаттық қызмет – мәртебе емес, халық алдындағы жауапкершілік. Мақсатым – туған өлкеміздің дамуына үлес қосып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және олардың мүддесін қорғауға қызмет ету.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде төмендегі сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:
- Ауыл шаруашылығын дамыту
- Шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау, субсидия мен жеңілдетілген несие алу мәселелерінде жәрдемдесу;
- Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, су тапшылығы мен ирригация мәселелерін көтеру;
- Ауыл шаруашылығы техникасы мен заманауи технологиялардың қолжетімділігін арттыру;
- Өнімді сақтау, өңдеу және өткізуге жағдай жасау;
- Мал және егін шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету.
- Ауыл инфрақұрылымын жақсарту
- Ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесін көтеру;
- Ауызсу, электр жарығы және көше жарықтандыру сапасын жақсартуға ықпал ету;
- Интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру;
- Ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету;
- Балалар және спорт алаңдарын көбейту.
- Кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтуды қолдау
- Ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына және мемлекеттік бағдарламаларды пайдалануына жәрдемдесу;
- Шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ету;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын өндірістерді қолдау;
- Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды көтеру.
- Жастардың болашағына жағдай жасау
- Жастарды жұмыспен қамтуға және ауылда тұрақтап қалуына ықпал ету;
- Жас мамандарды ауылға тарту мәселесін көтеру;
- Жастардың кәсіпкерлік, спорт және мәдени бастамаларын қолдау;
- Балалар мен жасөспірімдердің білім алуына, қабілетін дамытуына мүмкіндік жасау.
- Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты
- Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүддесін қорғауға ықпал ету;
- Ардагерлер мен қарттарға қамқорлық көрсету бастамаларын қолдау;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру;
- Ауыл тұрғындары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсарту.
- Білім, мәдениет және спортты дамыту
- Ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ету;
- Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеу;
- Ауылдағы спорт және мәдени нысандардың дамуына қолдау көрсету.
- Экология және туған жерді қорғау
- Елді мекендердің тазалығын сақтау және заңсыз қоқыс орындарын жою мәселесін көтеру;
- Ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстарын қолдау;
- Су ресурстарын үнемді пайдалану мен табиғатты қорғауға атсалысу.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Егер Сіздердің сенімдеріңізге ие болсам, әрбір ауыл тұрғынының пікірін ескеріп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін бар күш-жігерімді саламын.
Менің мақсатым – ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, ауыл инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.
Бірге еңбек етейік, бірге дамытайық, бірге өркендетейік!
Тапсырыс беруші: Жетісу облыстық мәслихаты депуттатығына кандидат Сарпеков Ұ.Н.
Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Telegram


