• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Рамазанова Индира Ақанқызы 1988 жылы 10 қыркүйекте Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Алматы университетін мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша аяқтадым. Еңбек жолымды 2018 жылы «Балдырған» балабақшасында әдіскер болып бастап, 2023 жылдан бері «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.

Басшылық қызметінде мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысын үйлестіруге, балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге қолайлы жағдай жасауға басымдық бердім.

Ауданымыздың өркендеуі – әрбір ауылдың дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған нақты қадамдардан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында жинақтаған көпжылдық тәжірибемді ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім беру жүйесін жетілдіруге және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағыттауды мақсат етемін. Аудан тұрғындармен тығыз байланыста болып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын назарға алуды, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуді азаматтық  міндетім деп санаймын. 

Құрметпен, Рамазанова Индира

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. САПАЛЫ ЖОЛ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ

Ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға, көлік қозғалысы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беремін. 2027 жылы Сарыөзек ауылының жалпы ұзындығы 20 км. болатын ішкі көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының жүзеге асуына қолдау көрсетемін.

  1. СУМЕН, ЭЛЕКТРМЕН ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Елді мекендердегі коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға басымдық беремін. Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету, инженерлік желілерді жаңғырту мәселелерін тиісті органдар алдында көтеріп, олардың шешілуін назарда ұстаймын.

Сонымен қатар, Сарыөзек ауылындағы жалпы ұзындығы 35 км. газ тарту желілерінің құрылысын аяқтау барысын бақылауда ұстап, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалаймын.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және кәсібін кеңейтуіне қолдау көрсетемін. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 30 тұрғынның жеңілдетілген несие алуына жәрдемдесіп, отбасылық кәсіпкерлікті, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға атсалысамын.

  1. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Аудан тұрғындарының баспанаға қолжетімділігін арттыруға және тұрғын үй құрылысын дамытуға басымдық беремін. 2027-2031 жылдар аралығында Кербұлақ ауданында бюджет қаражаты есебінен 154,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарының жүзеге асуына қолдау көрсетемін.

  1. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беремін. Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту, өнім өңдеу және қызмет көрсету салаларын кеңейту арқылы жыл сайын жастардың кемінде 30%-ын жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға басымдық беремін. 2027-2031 жылдар аралығында қажетті медициналық мамандарды даярлауға 70 грант бөлінуіне қолдау көрсетіп, медицина мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және дәрігер тапшылығын азайтуға атсалысамын.

  1. БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ұлттық Мектеп лигасы аясында оқушылар арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуды қолдаймын. 2031 жылға дейін спорттық жарыстарға қатысатын оқушылар санын 2 200-ге жеткізуге атсалысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлттық спортты дәріптеуге күш саламын.

  1. ЦИФРЛЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖӘНЕ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерін заманауи цифрлық технологиялармен қамтамасыз етуге басымдық беремін. Жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыруға, электрондық білім ресурстарын тиімді пайдалануға және білім беру ұйымдарының цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге атсалысамын.

  1. ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, санитариялық тазалықты сақтау, көгалдандыру және қоқыс шығару жүйесін жетілдіру жұмыстарын қолдаймын. Тұрғындардың демалуына қолайлы қоғамдық орындар қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға атсалысамын.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Біздің ауданның басты байлығы-оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жеріне деген сүйіспеншілігі. Әрбір елді мекен назар аударуға тұрарлық және әр отбасы өмір сүруге лайықты жағдай жасайды. Жақсы жолдар, қол жетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастар үшін мүмкіндіктер уәде болып қалмай, шындыққа айналуы керек. Мен барлық мәселелерді бірден шешуге болмайтынын түсінемін. Бірақ олардың шешіміне дәйекті түрде қол жеткізуге, сіздің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттіктер шеңберінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайын. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты істермен қамтамасыз етілуі маңызды. Бірге біз өз ауданымызды өмір сүргіміз келетін, жұмыс істегіміз келетін және балаларды тәрбиелегіміз келетін орынға айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ПРИНЦИПТЕРІМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекке деген құрмет, өз сөздері мен істері үшін жауапкершілік. Ашықтық және адамдардың мүдделерін қорғауға дайын болу. Мен сіздің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңызға және ескертулеріңізге әрқашан ашықпын. Мен әрқайсысын тыңдауға, Сізді толғандыратын мәселелерді түсінуге және оларды шешуге дайынмын.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34- үй Таралымы: 1000  дана.

Тапсырыс беруші: Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:58

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БАХТИЯРОВА АЙДАНА МҰРАТБЕКҚЫЗЫ №3 бірмандатты сайлау округі Ардақты...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz