• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+27°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Новости Общество

TopIQ платформасы: математиканы оқытудағы педагогикалық серіктестіктің цифрлық моделі

Аталған платформа – математикалық білім беруді заманауи талаптарға сай жетілдірудің пәрменді тетігі.

Вестник Жетісу
18 июля 2025, 18:20
Общество
TopIQ платформасы: математиканы оқытудағы педагогикалық серіктестіктің цифрлық моделі

bsh.kz

50
просм.
WhatsappTelegram

Цифрландыру үдерісі қазіргі білім беру кеңістігінің құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Технологиялық прогресс дәстүрлі педагогикалық тәсілдерді жаңғыртып, оқыту мен оқудың формаларын икемді, интерактивті және дараланған сипатта ұйымдастыруды талап етеді. Бұл өзгерістер әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге, оның ішінде математикаға айрықша әсер етуде. Себебі математика логикалық ойлауды, құрылымдық пайымдауды және дәлелді талдауды қажет ететін базалық пәндердің бірі.

Осы орайда TopIQ электрондық платформасы – мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық, әдістемелік және цифрлық байланысты үйлестіре алатын инновациялық тетік ретінде алға шығады. Бұл платформа оқытудағы мазмұн мен форманың арасындағы байланысты оңтайландырып, білім алушының оқу траекториясын цифрлық ортада тиімді жобалауға мүмкіндік береді. Педагог үшін бұл құрал тек дидактикалық көмекші емес, оқу үдерісінің барлық кезеңдерін: жоспарлау, ұйымдастыру, рефлексия және бағалау элементтерін кешенді түрде қамтамасыз ететін функционалдық орта қызметін атқарады.

РЕКЛАМА

Сонымен қатар, TopIQ – оқушының цифрлық сауатын, дербес жауапкершілігін, оқу процесіне деген мотивациясын арттыратын жаңа дидактикалық модельдің негізі бола алады. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара іс-әрекет бұл жүйеде интерактивті әрі дәлелді білім алуға бағытталған серіктестікке ұласады. Бұл – бүгінгі білім беру парадигмасындағы «оқушы – белсенді субъект» қағидасының нақты іске асу көрінісі.

Қазақстандағы білім беру жүйесінде математиканың орны ерекше. Математикалық сауаттылық – функционалдық білімнің негізі, ал оны меңгеру заманауи цифрлық құралдардың көмегімен әлдеқайда тиімді. TopIQ платформасы математиканы оқытуда визуалды түсіндірулер, тақырыптық бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар, автоматты тексеру және статистикалық талдау құралдары арқылы күрделі ұғымдарды түсінуді жеңілдетеді.

Мысалы, «Үшбұрыштардың қасиеттері» тақырыбында платформаның бейнематериалдары мен жаттығуларын қатар қолданған сыныпта оқушылардың 78%-ы алғашқы бақылау жұмысында жоғары нәтижеге қол жеткізген (ішкі мектептік зерттеу, №4 орта мектеп, Текелі қ., 2024). Бұл – цифрлық оқыту құралдары нақты нәтижеге жетелей алатынының жарқын мысалы.

TopIQ платформасы мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты нақтылап, оқыту процесін дараландыруға, оқушы қабілетіне сай бейімдеуге жол ашады. Мұғалім оқушының оқу барысын онлайн форматта бақылап, қажетті сәтте қолдау көрсетіп, кері байланыс бере алады. Мысалы, платформада тест тапсырмаларын бірнеше рет орындау мүмкіндігі оқушыны өз қатесін табуға, мұғаліммен бірлесіп талдауға итермелейді. Бұл – сабақтағы рефлексиялық кезеңнің сапалы өтуін қамтамасыз етеді.

TopIQ жүйесінде әр оқушы өзінің оқу процесін бақылап, оқу белсенділігін дербес талдауға мүмкіндік алады. Платформада ұсынылатын оқу карталары, жетістік диаграммалары мен статистика құралдары оқушының өзін-өзі бағалау, өз оқуын жоспарлау және мақсат қою дағдыларын дамытады. Бұл – XXI ғасыр дағдыларына жол ашатын педагогикалық құрал.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, мұндай дербестік баланың метатанымдық қабілеттерін, яғни оқу стратегиясын саналы түрде түсіну және басқару қабілетін дамытады. Бұл – тұлғалық даму мен академиялық табыстың өзара сабақтастығын көрсететін маңызды факторлардың бірі (Фишер Р.Дж., 2007).

Математика пәні мұғалімінің жұмысында уақыт пен ресурс тапшылығы – маңызды мәселе. TopIQ платформасы осы проблеманы тиімді шешудің жолын ұсынады. Сабақ жоспары, тақырыптық құрылым, бағалау өлшемдері және дайын оқу контенттері мұғалімнің әдістемелік жүктемесін азайтып, шығармашылыққа бағытталған еркін уақыт береді. 2024 жылы №48 мектеп (Алматы қаласы) базасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, TopIQ платформасын 6 ай белсенді пайдаланған мұғалімдердің 62%-ы сабаққа дайындық уақытының 30%-ға дейін қысқарғанын атап көрсеткен.

TopIQ платформасы – бұл білім беру экожүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы техникалық құрал ғана емес, сенім мен серіктестікке негізделген педагогикалық көпір. Бұл цифрлық орта оқыту процесінің мазмұнын тереңдетіп қана қоймай оның құрылымын, әдістемелік сапасын, жеке білім траекториясын басқаруды да жаңа деңгейге көтереді.

Аталған платформа – математикалық білім беруді заманауи талаптарға сай жетілдірудің пәрменді тетігі. Ол оқушыны пәндік мазмұнды қабылдаушыдан белсенді ізденушіге айналдырып, мұғалімді – бағыттаушы, тәлімгер, қолдаушы рөліне көтереді. Демек, TopIQ – болашақтың білім моделіне бастар жол ғана емес, қазіргі педагогикалық практикадағы нақты өзгерістің қозғаушы күші.

Елдар ШАЙАРЫСТАН, «№4 орта мектеп» КММ, математика пәні мұғалімі, Текелі қаласы.

Тэги: қазақстанплатформа

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Тамарисковый цвет Жетiсу

Тамарисковый цвет Жетiсу

Татьяна Демидова
20 июня 2026, 18:05

Каждое лето степи и песчаные участки Каратальского района преображаются. Среди выжженной солнцем земли вдруг вспыхивают необычные розово-лиловые облака. Издалека кажется,...

Есть такая профессия — помогать свершаться чуду

Есть такая профессия — помогать свершаться чуду

Амина Тимурқызы
20 июня 2026, 17:02

Первый, еще несмелый крик новорожденного, раздающийся в акушерском зале, — пожалуй, самый чистый и искренний звук на земле. В нем...

Главный санврач Жетiсу признан лучшим выпускником ведущего медвуза страны

Главный санврач Жетiсу признан лучшим выпускником ведущего медвуза страны

Татьяна Демидова
20 июня 2026, 13:08

В преддверии Дня медицинского работника руководителю департамента санитарно-эпидемиологического контроля области Жетісу Асхату Чарапиеву присвоили почетное звание «Лучший выпускник» Казахского национального...

Общество

Тамарисковый цвет Жетiсу

20 июня 2026, 18:05
Общество

Есть такая профессия — помогать свершаться чуду

20 июня 2026, 17:02
Общество

Главный санврач Жетiсу признан лучшим выпускником ведущего медвуза страны

20 июня 2026, 13:08
Общество

Самое образцовое подворье выбрали в Сарыозеке

20 июня 2026, 12:00
Новости Казахстана

Первым выпускникам «Жас сақшы» вручили сертификаты в Казахстане

20 июня 2026, 11:25

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041
© 2023-2025 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности
Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz