• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абықанов Серік Қыдыралыұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:45
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абықанов Серік Қыдыралыұлы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АБЫҚАНОВ СЕРІК  ҚАДЫРАЛЫҰЛЫ №13 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

                         Құрметті сайлаушылар!

Мен Абықанов Серік Қыдыралыұлы 1961 жылы 26 мамырда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылында дүниеге келдім. Білімі жоғары. Алматы зооветеринариялық институтын «зоотехникалық инженер» мамандығы бойынша аяқтадым.  Еңбек жолын 1978 жылы Көксу ауылында қарапайым жұмысшы болып бастап,  1981-1983 жылдар аралығында Көксу ауылында бригадир, меңгеруші, совхоздың бас зоотехнигі, мал шаруашылығы бойынша директордың орынбасары болып қызмет атқардым. 1988 жылдан бастап «Абыхан» шаруа қожалығының басшысымын.

Еңбек жолымды ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтап, шаруа қожалығын басқару арқылы жерді тиімді пайдалану, мал және егін шаруашылығын дамыту, еңбек адамдарының мүддесін қорғау мен ауылдағы өзекті мәселелерді шешудің маңызын терең түсіндім.

Ауылдың дамуы – елдің дамуы. Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы, тұрақты табыс көзі, сапалы жол, ауызсу, электр жарығы, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі және жастарға жасалатын мүмкіндіктер әрдайым басты назарда болуы тиіс. Ауыл шаруашылығының өркендеуі мен ауыл халқының әл-ауқаты бір-бірімен тығыз байланысты.

Мен үшін басты мақсат – ауыл шаруашылығын дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, еңбек адамдарының беделін арттыруға және келер ұрпаққа көркейген, мүмкіндігі мол ауыл қалдыруға үлес қосу.

Халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Ел игілігі жолында адал еңбек етіп, ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты үшін қызмет етуге дайынмын.

Құрметпен, Абыканов Серік

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ

Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз етуге жағдай жасау мақсатында 2028 жылы Қосағаш ауылында 3,2 км және 2029 жылы Аралтөбе ауылындаа 4,0 км ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылуына ықпал етемін.

Сондай-ақ, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғандардың қауіпсіздігін арттыру үшін 2028-2029 жылдар аралығында Беріктас ауылында (3,0 км.) Көктал ауылында (2,6 км.) көше жарықтандыру желілерін орнату жұмыстарына ықпал етемін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасау мақсатында 2028 жылы Аралтөбе  ауылында ұзындығы 13,3 км., Қосағаш ауылында 5,8 км. ауызсу жүйесін қайта жаңғырту және жаңа су құбырларын салу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Кербұлақ ауданында 2027-2031 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен 154,7 мың шаршы метр  тұрғын үйді пайдалануға беру жұмыстарына қолдау көрсету және оның жүзеге асуына жұмыс жасаймын.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және шағын бизнестің дамуына ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Шағын және орта бизнесті, өнім өңдеу саласын дамытып, жастардың жыл сайын кемінде 30 %-ын жұмыспен қамтуға атсалысамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдаймын.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

2027 жылы оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға, инженерлік ойлау қабілеті мен цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Көксу орта мектете STEM кабинетін ашамын. 2028 жылы ауылдық округтерде Онжас ОМ, Аралтөбе ОМ, Шұбар ОМ, Қосағаш ОМ, Беріктас ОМ ауылдық тірек мектептер – ресурстық орталықтар желісін дамыту арқылы шағын жинақты мектептерді әдістемелік қолдаумен қамтуды қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік осал топтардың мемлекеттік көмекке қолжетімділігін арттыруға және Көксу, Шұбар ауылдық округтары тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге ат салысамын.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Көксу және Шұбар ауылдық округтеріне қарасты шалғай елді мекендерде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

10.ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУДАН

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Көксу өзені жағалауының тазалығын сақтауға, аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асырылуына ықпал етемін.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Халыққа қызмет ету – биік мінберден сөз сөйлеу емес, елдің ортасында жүріп, тұрғындардың мәселесін тыңдау және оның шешілуіне нақты ықпал ету. Ауданымыздың әрбір көшесі, әрбір ауылы мен әрбір отбасының жағдайы маңызды. Мен кез келген мәселе бір күнде шешіле қоймайтынын түсінемін. Бірақ әр мәселенің шешу жолын іздеуге, тиісті органдар алдында халықтың мүддесін қорғауға, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға және атқарылған жұмыс туралы ашық есеп беруге дайынмын.

Халықтың сенімі – аманат, ал сол сенімді ақтау – басты міндет! Туған жердің дамуы үшін бірге әрекет етіп, нақты нәтижеге бірге қол жеткізейік

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ!

Құрғақ уәдеден гөрі нақты істі, жабық шешімдерден гөрі ашықтықты, жеке мүддеден гөрі халық игілігін жоғары қоямын. Әрбір міндеттеме жауапкершілікпен қабылданып, оның орындалуына жүйелі түрде назар аударылуы керек.

Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға әрдайым ашықпын. Көтерілген мәселелерді зерделеп, олардың шешілуіне ықпал етуге және өз жұмысымның нәтижелері туралы ашық есеп беруге дайынмын. Өйткені сенімнің негізі – адалдық, ал еңбектің өлшемі – нақты нәтиже

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34 -үй

Таралымы: 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Абықанов Серік Қадыралыұлы.

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz