• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ахметбекова Зәуре Кабижановна

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:55
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ахметбекова Зәуре Кабижановна
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АХМЕТБЕКОВА ЗӘУРЕ ҚАБИЖАНҚЫЗЫ №9 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

           Құрметті сайлаушылар

Мен, Ахметбекова Зәуре Кабижановна, 1972 жылғы 6 қаңтарда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылында дүниеге келді.

1989 жылы Алматы қаласындағы Кеңестік сауда техникумына «Технолог» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1992 жылы оқу орнын аяқтадым. 2004 жылы У.А. Джолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясына оқуға түсіп, 2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым.

Еңбек жолымды 2000 жылы «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының Кербұлақ аудандық пошта байланысы торабына касса меңгерушісі болып жұмысқа орналасудан бастадым. 2019 жылдан бастап аталған мекеменің басшысы қызметін атқарып келемін. Басшылық қызметтегі негізгі міндетім – аудан тұрғындары мен ұйымдарына көрсетілетін пошта байланысы қызметтерінің сапалы әрі үздіксіз ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын қадағалау және жүктелген міндеттердің уақытылы орындалуын бақылау.

Еңбек жолымдағы басты ұстанымым – жауапкершілік, адалдық, тәртіп, кәсібилік және халыққа сапалы қызмет көрсету. Алдағы уақытта да өз міндетімді абыроймен атқарып, пошта байланысы саласының дамуына және мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға үлес қосуды мақсат етемін.

Құрметпен, Зауре  Ахметбекова

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Сапалы жол – ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне, әлеуметтік жағдайына және экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы мақсатта 2029 жылы Нұрым ауылының ұзындығы 2,8 км. ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізгі бағыттарының бірі.

2027-2028 жылдар аралығында Тастыбастау ауылының 2,1 км. және Қарлығаш ауылының 2,3 км. көшелерін түнгі жарықтандырумен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қолжетімді тұрғын үй – ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудың және жастардың ауылда тұрақтап қалуына ықпал етудің маңызды бағыттарының бірі. Алдағы уақытта елді мекендерде тұрғын үй құрылысын дамытуға және оның жүзеге асырылуына ықпал етемін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

Кәсіп ашуға ниетті ауыл тұрғындарының жеңілдетілген несие алуына, мемлекеттік қолдау шаралары мен жаңа бағдарламалар туралы ақпараттың халыққа кеңінен таралуына ықпал етемін

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТАБЫСЫН АРТЫРУ

Шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін. Жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуына, тұрғындарды кәсіби оқытуға және жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге басымдық беремін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Медициналық кадрларды ауылдық жерлерге тартуға және жас мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал етемін. Білікті медицина мамандарын ауылдарға тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға күш саламын

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Ауыл мектептеріндегі оқушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне, робототехника мен бағдарламалау негіздерін үйренуіне мүмкіндік жасау мақсатында 2028 жылы Алтынемел, Нұрым және Байғазы орта мектептерінде STEM кабинеттерін ашуға ықпал етемін

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Ауылдарда тұратын қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға күш саламын. Әлеуметтік осал топтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық орындарда кедергісіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды қолдауға және жүзеге асырылуына ықпал етуге атсалысамын.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕК ИНТЕРНЕТ

Ауылдық елді мекендерде сапалы әрі жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді болуына ықпал етемін. Интернет сапасын жақсарту және цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы жұмыстарды қолдауға күш саламын.

10.ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙГЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Ауылдарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыруға, санитарлық тазалықты сақтауға, қоқысты жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, жасыл желектерді көбейтуге бағытталған жұмыстарды қолдауға және олардың жүзеге асырылуына ықпал етуге күш саламын.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Туған жердің өркендеуі – әрбір тұрғынның әл-ауқаты мен ауданның тұрақты дамуының негізі. Әр ауылдың әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру, өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлау – баршамызға ортақ міндет.

Ауданымыздың әрбір елді мекені сапалы инфрақұрылымға, жөнделген жолдарға, таза ауызсуға, тұрақты электр қуатына, қолжетімді әлеуметтік қызметтерге, заманауи білім беру және денсаулық сақтау нысандарына лайық. Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл экономикасын нығайту–менің басты назарымдағы мәселелер.

Аудандық мәслихат депутаты ретінде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, ауылдардағы өзекті мәселелерді мәслихат деңгейінде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге және қабылданған шешімдердің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізуге басымдық беремін.

Туған жердің келешегі – ортақ жауапкершілігіміз. Ауданымыздың әрбір ауылы гүлденіп, әрбір отбасының тұрмыс жағдайы жақсаруы жолында бірлесе еңбек етуге шақырамын!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ 

Халық мүддесі – басты басымдығым. Ашықтық, әділдік, жауапкершілік және нақты нәтиже – депутаттық қызметімнің негізгі қағидаттары..

Мен үшін депутат болу – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және олардың мүддесін қорғау. Әрбір өтінішке бейжай қарамай, елді мекендердегі өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеріп, олардың шешілуі үшін тиісті мекемелер алдында мәселе қоюды және нақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуді өз міндетім деп санаймын.

Айтылған сөз нақты іспен дәлелденуі керек. Халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Менің басты ұстанымым – құр уәдемен шектелмей, ел игілігі үшін жүйелі жұмыс атқару, әрбір бастаманың нақты нәтижеге жетуіне күш салу.

Сайлауға келіңіз! Маған дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы,

Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34 -үй

Таралымы: 1000  дана.

Тапсырыс беруші: Ахметбекова Зәуре Қабижанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

 

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz