• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Нұрберген Баяхыметұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:55
Предвыборная программа кандидатов
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Нұрберген Баяхыметұлы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат НҰРЛЫБАЕВ НҰРБЕРГЕН БАЯХЫМЕТҰЛЫ №1 бірмандатты сайлау округі

РЕКЛАМА

        Құрметті сайлаушылар!

Мен, Нұрлыбаев Нұрберген Баяхметұлы, 1968 жылғы 3 қарашада бұрынғы Талдықорған облысы, Киров ауданы, В. В. Куйбышев атындағы ауылда дүниеге келдім. 1976 жылы Сарыбұлақ орта мектебіне қабылданып, 1986 жылы Жоламан орта мектебін аяқтадым. 1997-2006 жылдары Д.А. Қонаев атындағы университетте «Заңгер» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 1998-2000 жылдары Жоламан асыл тұқымды қой совхозында директордың орынбасары болып бастадым. 2000 жылдан бері «Нұр» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келемін.

Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек жолым туған жердің дамуына және ауылдың өндірістік әлеуетін арттыруға деген жауапкершілігімді қалыптастырды. Бұл саладағы тәжірибе маған ауыл тіршілігінің ерекшеліктерін, шаруалардың күнделікті еңбегін және ауыл экономикасының алдында тұрған міндеттерді терең түсінуге мүмкіндік берді..

Депутаттық қызметке сайланған жағдайда ауыл шаруашылығы саласының дамуына, ауыл инфрақұрылымының жақсаруына және еңбек адамдарының мүдделерінің қорғалуына қатысты мәселелерді жүйелі түрде көтеруге күш саламын. Қолданыстағы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, нақты бастамалардың жүзеге асуына ықпал етуді өз міндетім деп санаймын. Мен үшін туған жерге қызмет ету – сөзбен шектелмейтін жауапкершілік. Ауылдың әлеуетін арттыру, шаруалардың еңбегін бағалау және келер ұрпаққа өркендеген ауыл қалдыру – ортақ мақсатымыз.

Құрметпен, Нұрлыбаев Нұрберген

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

2026-2031 жылдар аралығында Сәмен ауылында ұзындығы 3,5 км, Шилісу ауылында ұзындығы 28 км. жеткізуші газ құбырлары мен газ тарату желілерін салу жұмыстарының жүзеге асырылуына, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

Сәмен ауылында ұзындығы 1,3 км. болатын ішкі көше жолдарын салу жұмыстарын жүзеге асыруға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға үлес қосамын. Қазынсу ауылында ұзындығы 4,9 км. болатын ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және жаңа су құбырларын салу жұмыстарының жүргізілуіне, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

2031 жылға дейін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 30 ауыл тұрғынының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуіне ықпал етуге, сондай-ақ ауылдық жерлерде отбасылық кәсіпкерлік пен кооперативтік шаруашылықтарды дамытуға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2027-2031 жылдары Кербұлақ ауданында бюджет қаражаты есебінен жалпы көлемі 154,7 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын аяқтап, пайдалануға берілуіне ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, қызмет көрсету саласын кеңейтуге және жергілікті өнімдерді қайта өңдеуді қолдауға бағытталған жұмыстарды жүргізуге ықпал етемін. Жастарды жұмыспен қамтуға қолайлы жағдай жасап, жыл сайын олардың кемінде 30 пайызын еңбекпен қамтуға күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2027-2031 жылдар аралығында ауданның медициналық кадрларға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 70 білім грантының бөлінуіне ықпал етемін. Бұл арқылы ауылдық елді мекендерді білікті медицина мамандарымен қамтамасыз етуге, дәрігер тапшылығын азайтуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға күш саламын.

  1. МӘДЕНИЕТ ПЕН СПОРТ – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды қолдауға күш саламын. Ауылдық елді мекендерде балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи ойын және спорт алаңдарын салуға, сондай-ақ мектепке баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қолдаймын.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауыл мектептерінде тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімді болуын және білім беру ұйымдарының заманауи цифрлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуін қолдаймын. Оқушылардың электрондық білім беру ресурстарын еркін пайдалануына, мұғалімдердің оқу үдерісінде жаңа технологияларды тиімді қолдануына жағдай жасауға, сондай-ақ интернет сапасына қатысты мәселелерді жүйелі түрде көтеруге күш саламын.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, қоқысты жинау және шығару жүйесін жетілдіру, жасыл желектерді көбейту бағытындағы жұмыстарды қолдауға күш саламын. Халықтың демалуына және қоғамдық іс-шаралар өткізуіне қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ықпал етемін.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! 

Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, әрбір елді мекеннің мәселесі назарға алынып, қабылданған шешімдер халықтың игілігіне қызмет етуі керек.

Мен үшін әділеттілік дегеніміз – тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу, мәселелерді ашық талқылау және олардың шешілуіне жауапкершілікпен қарау. Ауданымыздың тұрақты дамуы үшін нақты жоспар, жүйелі жұмыс және нәтижеге бағытталған әрекет қажет.

Мен әрбір мәселені шешудің жолын іздеп, әрбір бастаманың нақты нәтижеге жетуіне ықпал етуді маңызды санаймын. Өйткені халықтың сенімі сөзбен емес, жауапты іс-әрекетпен қалыптасады. Әділетті шешім, жауапты қызмет, нақты нәтиже – ел игілігіне бағытталған жұмыстың басты қағидаттары. Бірге әрекет етіп, ауданымыздың дамуына бірге үлес қосайық!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Мен ауылдардың өзекті мәселелерін жүйелі түрде көтеруге, тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

Менің ұстанымым–ешбір ауылды назардан тыс қалдырмау, ешбір тұрғынның үнін елеусіз қалдырмау және әрбір бастаманың ел игілігіне қызмет етуіне ықпал ету.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,

Жібек жолы   көшесі, 34- үй

Таралымы: 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Нұрлыбаев Нұрберген Баяхыметұлы

Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz