САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЖАНЫСБЕК ТӨЛЕГЕН САМАЙҰЛЫ №8 бірмандатты сайлау округі
2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Жанысбек Төлеген Самайұлы, 1980 жылғы 3 қаңтарда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келдім.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2003 жылы Алматы облысы Сауда және қызмет көрсету саласы басқармасында инспектор қызметінен бастадым. Кейін мемлекеттік басқару және партиялық қызмет салаларында еңбек етіп, партияның Текелі қалалық, Алматы облыстық,
Кербұлақ және Көксу аудандық филиалдарында түрлі жауапты қызметтер атқардым.
2018-2022 жылдары партияның Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, 2022-2026 жылдары ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, шаруа қожалығымен айналыстым. 2026 жылдан «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі қызметін атқарамын.
Еңбек жолымда мемлекеттік басқару, партиялық жұмыс, құқықтық кеңес беру және ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибе жинақтадым.
Менің мақсатым – жинаған білімім мен тәжірибемді ауылымның игілігіне жұмсап, туған жерімнің мүддесіне қызмет ету!
Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігім. Сіздердің
мүдделеріңіз – менің басты басымдығым!
Құрметпен, Жанысбек Төлеген
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Ауыл тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында 2031 жылға дейін Сайлыкөл ауылындағы жалпы ұзындығы 2,3 км болатын ішкі көше жолдарын жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, жобаның жүзеге асуына бар күш-жігерімді жұмсаймын.
- АУЫЗСУ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
2029 жылға дейін Сайлыкөл ауылындағы (2,3 км), Шаған ауылындағы (1,2 км) және Қайнарлы ауылындағы (1,7 км) көшелерді түнгі жарықтандырумен қамтамасыз ету мәселесін тиісті органдар алдында көтеріп, оның шешілуіне атсалысамын. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және ауыл көшелерінде қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беремін. 2027 жылға дейін Қаспан ауылына жеткізуші газ құбыры мен ауылішілік газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу мәселесін назарда ұстап, газдандыру жобасының жүзеге асуына бар күш-жігерімді жұмсаймын.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындардың жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтар мен отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетемін. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын несиелендіру көлемін 30 пайызға арттыру жөніндегі бастамаларды көтеріп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттың тұрғындарға қолжетімді болуына атсалысамын.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдап, шағын және орта шаруашылықтардың дамуына қажетті мүмкіндіктерді кеңейтуге күш салып, ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды қысқа мерзімді кәсіптік оқудан жылына 60-65 адамның өтуіне ықпал етемін.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, инженерлік ойлау қабілеті мен цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2029 жылға дейін Көксай орта мектептерінде STEM кабинеттерін ашу мәселесін көтеріп, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге және жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін тұрақты назарда ұстаймын. Әлеуметтік көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға, мұқтаж отбасылардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізуге және олардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер көлемін 20 пайызға арттыру жөніндегі ұсыныстарды көтеремін.
7.ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2027-2031 жылдар аралығында ауданға қажетті медициналық мамандарды даярлау үшін 70 гранттың бөлінуіне қолдау көрсетемін. Бұл бастама ауыл тұрғындарының білікті дәрігерлерге қолжетімділігін арттыруға, медицина саласындағы кадр тапшылығын азайтуға және медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.
- БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Мектептерде қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне басымдық беремін. Балалар ойын алаңдары мен спорт нысандарын дамытуға, білім беру ұйымдарына апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етемін.
- ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Егде жастағы тұрғындардың белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын нығайтуына және қоғамдық өмірге араласуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2031 жылға дейін Сарыөзек ауылында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуына қолдау көрсетемін.
- ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙГЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауылдардың санитарлық тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарды, балалар ойын алаңдары мен демалыс аймақтарын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған жұмыстарды қолдаймын. Тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, елді мекендердің көркеюіне, қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық жағдайының жақсаруына бағытталған бастамаларды ілгерілетемін.
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауылдың көркеюі – елдің өркендеуі. Туған жердің әрбір жетістігінің артында маңдай терімен еңбек еткен адамдардың үміті, арманы мен болашаққа деген сенімі жатыр. Біздің балаларымыз сапалы білім алып, жастарымыз өз ауылында өркендеп, отбасыларымыз жайлы өмір сүріп, үлкендеріміз құрметке бөленетін ортада өмір сүруге лайық деп білемін. Ол үшін елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту, жолдар мен ауыз су мәселесін шешу, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ауыл экономикасын нығайту маңызды. Ауданның әрбір ауылының өз ерекшелігі мен шешімін күткен мәселелері бар. Олардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы керек.
Халықтың ұсыныстарын тыңдап, ауылдардың қажеттіліктерін тиісті деңгейде көтеріп, нақты шешімдер қабылдануына ықпал ету – ортақ міндет. Мен туған жердің болашағы бүгінгі ісімізге байланысты екеніне сенімдімін. Бүгін жасалған жұмыс – ертеңгі ұрпаққа қалатын мұра. Балаларымыздың болашағы жарқын, ауылдарымыздың келешегі кемел болсын! Туған жерді бірге түлетіп, ауданымызды өркендеген өлке ретінде дамытуға атсалысайық!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, тұрғындардың мүддесін қорғау және елді мекендердің дамуына үлес қосу – менің негізгі ұстанымым.
Мен әрдайым ашық диалогқа дайынмын. Сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, өзекті мәселелерді бірге талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын іздеуге ниеттімін. Халықпен байланыс тек кездесулермен шектелмеуі тиіс. Ең маңыздысы – тұрғындардың сенімін ақтап, айтылған мәселелердің шешілуіне ықпал ету және нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу. Мен осы қағидаттарды өз қызметімнің негізі ретінде ұстанамын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: «Айару» ЖК. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,
Жібек жолы көшесі, 34- үй
Таралымы: 1000 дана.
Тапсырыс беруші: Жанысбек Төлеген Самайұлы
Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

Telegram


