• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Мирас Амангелдіұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:10
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Мирас Амангелдіұлы
4
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АМАНГЕЛДІ МИРАС АМАНГЕЛДІҰЛЫ №4 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Амангельды Мирас Амангельдыұлы, 1987 жылғы 19 қарашада Жетісу облысы, Панфилов ауданының Басқұншы ауылында дүниеге келдім.

Алғашқы білімімді туған ауылымдағы Крылов атындағы орта мектепте алып, кейін Жаркент қаласындағы Алтынсарин атындағы орта мектепте жалғастырдым. 2006 жылы Қазақ экономикалық университетіне (Нархоз) оқуға түсіп, «Қаржы» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 2010 жылы «OKAN Construction» түрік компаниясында экономист болып бастадым. 2012-2018 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ-да менеджерден бастап, басшының орынбасары және басшы қызметтеріне дейін көтерілдім. 2018-2025 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да басқарма басшысы қызметін атқардым. Қазіргі уақытта «Фридом Банк» АҚ-да бөлімше басшысы болып еңбек етемін.

Осы жылдар ішінде қаржы саласында мол тәжірибе жинақтап, жауапкершілікпен жұмыс істеудің, тиімді шешім қабылдаудың және нақты нәтижеге қол жеткізудің маңызын түсіндім. Мен үшін әрбір істің нәтижесі мен адамдардың сенімі маңызды.

Құрметпен, Амангелді Мирас

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін арттыру үшін күш саламын.

Көше қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында жаяу жүргінші өткелдерін, жол белгілерін және мектептер маңындағы қауіпсіздік шараларын жақсарту бастамаларын қолдаймын.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Шолақай ауылында ұзындығы 47,6 км. сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және жаңадан салу жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.

Шолақай ауылына ұзындығы 26,1 км. жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысын жүргізуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беруді кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға ықпал етемін. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға күш саламын.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Аудан көлеміндегі 40 мың гектар суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

Ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша олардың мүдделерін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін өткізуге арналған жабдықталған сауда алаңын құруға қол жеткізуге ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Аудан бойынша 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізу, оның ішінде Жаркент қаласы мен Шолақой ауылдық округінде халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Жаркент қаласы мен Шолақай ауылдық округінің ауруханаларының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруға және шалғай ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға күш саламын.

Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігер қабылдауын ұйымдастырудағы қиындықтарды азайту және медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықпен қамтылуы жөніндегі мәселелерді көтеремін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

2030 жылға дейін Шолақай ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жағдай жасау, мектеп инфрақұрылымын жақсарту және оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға күш саламын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламын. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдаймын.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізуге ықпал етемін.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргізу атсалысамын.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары. Әрбір елді мекеннің дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер мен жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру – басты мақсаттарым.

Барлық мәселені кезең-кезеңімен шешіп, депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге және халық мүддесін қорғауға дайынмын.

Бірлесе еңбек етіп, ауданымызды өмір сүруге және ұрпақ өсіруге қолайлы мекенге айналдырайық!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты ұстанымым – әрбір тұрғынға құрметпен қарап, әр ауылдың мүддесіне тең көңіл бөлу. Ашықтық, жауапкершілік және халықтың мүддесін қорғау – жұмысымның негізгі қағидаттары.

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына әрдайым ашықпын. Әрбір пікірге құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне өз құзыретім шеңберінде ықпал етуге дайынмын.

Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. Сол сенімді ақтап, ел игілігі үшін адал қызмет ету – басты міндетім.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Амангелді М.А.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz