• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:47
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы
1
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

2026—2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ҚУАНЫШ СЕРІКҰЛЫ № 5 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы, 1991 жылғы 20 маусымда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын.

Алғашқы білімімді Үлкеншыған орта мектебінде алдым. 2006-2010 жылдары Банк академиясы колледжінде білім алып, 2018-2022 жылдары Шымкент мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдадым.

Еңбек жолымды 2011 жылы «Халық Банкінен» бастадым. 2011-2013 жылдары аталған банкте қызмет атқарып, еңбек тәжірибесін жинақтадым. 2013 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Кәсіпкерлік қызмет маған жауапкершілікті, табандылықты, іскерлікті және адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңызын үйретті.

Туған жерім – Үлкеншыған ауылы. Өз өлкемнің дамуы, тұрғындардың әл-ауқаты мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі мен үшін маңызды. Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік әрі азаматтық міндет деп білемін.

Менің басты мақсатым – нақты жұмыс атқару, тұрғындармен ашық әрі тұрақты диалог орнату және туған өлкеміздің игілігі үшін нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Халықтың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерге назар аударып, олардың шешілуіне үлес қосу – менің негізгі ұстанымым. Әрбір бастама елдің мүддесіне қызмет етіп, тұрғындардың сенімін ақтауы тиіс деп есептеймін.

Сенім мен жауапкершілікке сүйене отырып, туған жеріміздің дамуы жолында адал еңбек етуге дайынмын!

Құрметпен, Құдайбергенов Қуаныш Серікұлы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Қырыққұдық, Үлкеншыған, Ақкент ауылдары мен аудандық автомобиль жолдарына мониторинг жүргізіп, шұңқырлар, асфальт жабынының бүлінуі және қауіпті учаскелер анықталған жолдардың тізімін әзірлеп, жөндеу жұмыстарын басымдық тәртібімен жүргізу туралы аудандық әкімдікке ұсыныс енгіземін.

Ауылдардағы аялдамалар мен мектепке баратын жаяу жүргіншілер бағыттарының қауіпсіздігіне тексеру жүргізіп, жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу, жол белгілерін орнату, жарықтандыруды қамтамасыз етемін және аялдамаларды ретке келтіруге ықпал етемін.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Су, электр және газ желілеріне қосылу мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштерін жинақтап, тиісті қызметтермен бірлесіп шешуге ықпал етемін.

Үлкеншыған ауылының Сайтай батыр және Мәметова көшелерін түнгі жарықтандырумен қамтамасыз ету мәселесін көтеремін.

3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Аудан бойынша 40 мың гектардан астам суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

«Кәсіпкерге көмек» – мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпаратпен ауыл кәсіпкерлерінің 100%-ын қамтимын.

4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауыл кәсіпорындарының кадр қажеттілігін анықтап, жұмысқа орналасу көрсеткішін 70%-ға жеткізуге ықпал етемін.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға және жаңа кәсіп бастауға тартуды 20%-ға арттыруға күш саламын.

Жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпаратпен ауыл тұрғындарының 100%-ын қамтуға жағдай жасаймын.

5. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Қырыққұдық, Үлкеншыған, Ақкент ауылдарындағы ауыл тұрғындарының дәрігерге қаралу, зертханалық тексеру және   дәрі-дәрмекпен қамту кезінде кездесетін қиындықтарын жинақтап, медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсартуға ықпал етемін.

6. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Ауданның мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш саламын.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесін 99,8 пайызға жеткізуге ықпал етемін.

7. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Әлеуметтік көмекке жүгінетін тұрғындарға қажетті құжаттар мен рәсімдер жөнінде ақпарат беруді ұйымдастырып, қарттар мен қолдауды қажет ететін отбасылардың өтініштері назардан тыс қалмауын бақылаймын.

8. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қырыққұдық, Үлкеншыған, Ақкент ауылдарындағы ұялы байланыс пен интернет сапасы төмен көшелерді нақтылап, тұрғындардың өтініштерін байланыс операторларына ұсынамын. Маңызды әлеуметтік нысандардағы интернетке қолжетімділік мәселесін 70% ға дейін сапасын арттырамын.

9. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен бірлесіп, қоқыс контейнерлерінің жеткіліктілігін қамтамасыз етемін, қоқыс шығару кестесін реттеу, заңсыз қоқыс орындарын жою және ортақ пайдаланылатын аумақтардың тазалығы мен абаттандырылуын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар ұйымдастырамын. 

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтижеге деген жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкеміздің игілігі үшін!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың ең басты байлығы – сіздер, еңбекқор әрі туған жеріне жанашыр азаматтарсыздар. Біздің ортақ мақсатымыз – әрбір елді мекеннің дамуына жол ашып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту.

Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жаңа жұмыс орындары мен жастарға мол мүмкіндіктер жасау – басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді ескеріп, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолында аянбай еңбек етуге дайынмын.

Берілген уәде нақты іспен дәлелденуі тиіс! Бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің арқасында ауданымызды өркендеп, өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз.

Баршаңызды ауданымыздың дамуы жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын! Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділдік. Заңдылық. Жауапкершілік. Ашықтық.

Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдауға, маңызды мәселелерді құзыретті органдардың алдына қоюға, басым міндеттердің ауданның даму жоспарына енгізілуіне ықпал етуге және депутаттық өкілеттігім шегінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға дайынмын.

Барлық мәселені бірден шешемін деп уәде бермеймін, алайда әрқайсысын кезең-кезеңімен шешу үшін жүйелі жұмыс істеп, тұрғындарды нәтижелер туралы хабардар етуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Құдайбергенов Қ.С.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz