• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:05
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы
2
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМАСЫ

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының
депутаттығына кандидат ЧАЙГАРАЕВА ЛЯЗЗАТ НҮСІПҚЫЗЫ № 8 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы, 1974 жылғы 27 наурызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында дүниеге келдім. 1980-1991 жылдары Розыбакиев атындағы Пенжім орта мектебінде білім алдым. 1991-1994 жылдары Республикалық медицина училищесінде медбике мамандығын, 2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан ашық университетінде педагог-психолог мамандығын меңгердім.

Еңбек жолымды 1994 жылы Панфилов аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде медбике болып бастадым. 1995 жылдан бері сауда және маркетинг саласында кәсіпкерлікпен айналысып, балаларға арналған білім беру және тәрбие орталықтарын дамытуға үлес қосып келемін. 2019 жылы отандық өнімді насихаттау мақсатында UNIFORES компаниясын құрып, сублимацияланған түйе сүті капсулаларын өндіруді қолға алдым. 2025 жылы Жаркент қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы мен балаларға арналған «DREAMPARK» ойын орталығының ашылуына атсалыстым.

Қазіргі уақытта «Алтын ұя» балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарамын. Еңбек жолымдағы басты ұстанымым — нақты іс арқылы қоғамға пайда келтіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктеріне үлес қосу.

Білім беру, кәсіпкерлік, отандық өнім өндіру және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне бағыттауды мақсат етемін.

Мен үшін сенімге адал болу, жауапкершілік таныту және әрбір істің нақты нәтижесіне ұмтылу — негізгі өмірлік қағидам.

Құрметпен, Чайгараева Ляззат Нүсіпқызы

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Жаркент қаласындағы жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз ету мақсатында қала көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жаркент қаласындағы ұзындығы 75,4 км. бас су қабылдағышты қайта жаңғырту және салу жұмыстарына ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІБІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беруді кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға ықпал етемін. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға күш саламын.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Аудан көлеміндегі 40 мың гектар суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

Ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша олардың мүдделерін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін өткізуге арналған жабдықталған сауда алаңын құруға қол жеткіземін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Аудан бойынша 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізу, оның ішінде Жаркент қаласында халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруға және шалғай ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға күш саламын.

Аудан көлемінде 50-ге жуық медицина маманына әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал етемін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Аудан бойынша 9 мектепке STEM-кабинеттерін сатып алуға ықпал етемін.

Жаркент қаласының мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш саламын.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Жаркент қаласында әлеуметтік осал отбасыларды қолдауға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға және тұрғындардың өтініштері мен мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Интернет желісіне қол жеткізуді 100% жеткізу үшін елді мекендер мен әлеуметтік нысандарды сапалы, тұрақты және қолжетімді интернетпен толық қамтамасыз етемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРКЕЙТІЛГЕН АУЫЛДАР

Аудан аумағында 7 мыңнан астам ағаш пен жасыл желек отырғызуға ықпал етемін. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін.

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін ауданның басты байлығы – еңбекқор халқы, берекелі ауылдары және жарқын болашаққа деген сенімі. Осыған орай, әрбір елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және халыққа қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беремін.

Атап айтқанда, жолдардың сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыру – жұмысымның басым бағыттары.

Кез келген мәселенің бір күнде шешілмейтіні белгілі. Дегенмен жүйелі жұмыс, нақты жоспар және табандылық арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, ауданымыздың дамуына жол ашылып, болашағымыз жарқын болмақ.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Менің басты мақсатым – халыққа адал қызмет ету, әрбір тұрғынның пікіріне құрметпен қарау және аудан аумағындағы барлық ауылдың мәселелеріне тең дәрежеде назар аудару.

Ашықтық, әділдік және жауапкершілік – қызметімнің негізгі қағидаттары. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдау, өз құзыретім шеңберінде өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету – басты міндеттерімнің бірі.

Халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Сондықтан ел мүддесін қорғау, тұрғындардың талап-тілектерін ескеру және ауданның тұрақты дамуына үлес қосу жолында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді өзімнің азаматтық борышым деп санаймын.

Халықпен бірге ел игілігі үшін!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Чайгараева Л.Н.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz