• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ыбраймолдаев Мақсат

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:06
Предвыборная программа кандидатов
Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ыбраймолдаев Мақсат
4
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ӘДІЛЕТ» партиясынан Панфилов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ЫБРАЙМОЛДАЕВ МАҚСАТ ТАЛҒАТҰЛЫ №18 бірмандаттық сайлау округі

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Ыбраймолдаев Мақсат Талғатұлы, Панфилов ауданы Жаркент қаласында туып-өстім. Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Еңбек жолымды мемлекеттік қызметтен бастап, жергілікті атқарушы органдарда халық игілігі үшін еңбек етіп келемін.

Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың болашағы үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуге басымдық беремін.

Ауданның дамуы халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешуден басталады. Атап айтқанда, жол сапасы, ауызсу, медицина, білім, жұмыс орындары және жастардың болашағы. Әрбір елді мекен назардан тыс қалмай, барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуы тиіс.

Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтарына негізделген. Басты мақсатым – ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және туған жеріміздің дамуына үлес қосу.

Міндеттемелерімнің орындалуына, нақты жобалардың жүзеге асуына және олардың аудандық бюджетке енгізілуіне күш саламын. Тұрғындар алдында ашық есеп беріп, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеймін.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халық өміріндегі нақты оң өзгерістер.

Құрметпен Мақсат Ыбраймолдаев

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін арттыру үшін күш саламын.

Көше қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында жаяу жүргінші өткелдерін, жол белгілерін және мектептер маңындағы қауіпсіздік шараларын жақсарту бастамаларын қолдаймын.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Керімағаш ауылында ұзындығы 3 км. сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және жаңадан салу жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.

Коңырөлең ауылдық округінде ұзындығы 4 км. жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысын жүргізуге ықпал етемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг жобаларының санын 200-ден астамға жеткізуге ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Аудан көлеміндегі 40 мың гектар суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

Ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша олардың мүдделерін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін өткізуге арналған жабдықталған сауда алаңын құруға қол жеткізуге күш саламын.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

15-24 жас аралығындағы оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермейтін жастардың үлесін 7,8%-ға төмендетуге ықпал етемін.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында аудан жастарының кемінде 30% жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, олардың тұрақты жұмысқа орналасуына күш саламын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейін 40% дейін төмендету мақсатында денсаулық сақтау нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар жүргіземін.

Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігер қабылдауын ұйымдастырудағы қиындықтарды азайту және медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықпен қамтылуы жөніндегі мәселелерді көтеремін.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Бөрібай би, Ынталы ауылдарында тірек мектептер – ресурстық орталықтар желісін дамыту арқылы шағын жинақты мектептерді әдістемелік қолдаумен толық қамтуды қамтамасыз етемін.

Ә. Бөкейханов, Аманбайұлы, Қоңырөлең орта мектептерінде STEM-кабинеттерін сатып алуға ықпал етемін.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламын. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал етемін.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Интернет желісіне қол жеткізуді 100% жеткізу үшін елді мекендер мен әлеуметтік нысандарды сапалы, тұрақты және қолжетімді интернетпен толық қамтамасыз етемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізуге жұмыс істеймін.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргіземін

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен – заң үстемдігін, ашықтықты және азаматтардың құқықтарын қорғауды басты мақсат еткен «Әділет» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидатпын.

Негізгі мақсаттарым:

Шағын және орта бизнесті қолдау: жас кәсіпкерлерге жер телімін алуға және несие бағдарламаларына қол жеткізуге заң аясында ықпал ету.

Жастарды қолдау: олардың бастамаларын жүзеге асыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау.

Халық мүддесін қорғау: тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Мен үшін сөз бен істің бірлігі, әділдік пен адалдық – басты ұстаным. Сіздердің сенімдеріңізді ақтап, ауданымыздың дамуы мен халықтың әл-ауқаты үшін аянбай еңбек етуге дайынмын!

Бірлесе отырып, ауданымызды жарқын болашаққа бастайық!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Ескі көзқарас емес – жастардың жаңа ойы мен тың бастамалары!

Жас болсам да, өзіме жүктелетін жауапкершіліктің зор екенін жақсы түсінемін. Халыққа адал қызмет етіп, ел сенімін ақтау арқылы ғана қоғамда береке мен бірлікті нығайтуға болады деп сенемін.

Әрбір тұрғынға әділ қарап, барлық азаматтың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу;

Заңдылық пен ашықтықты сақтау;

Еңбекті бағалап, адал қызмет ету;

Сөз бен істің бірлігін сақтау;

Қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, нақты нәтижеге ұмтылу.

Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. Сол сенімді ақтап, ел игілігі үшін адал қызмет ету – басты міндетім.

Сайлауға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Дайындалған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Басып шығарылған: «Айару» ЖК.

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Ыбраймолдаев М.Т.

Төленген қаражат көзі: Панфилов аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Камамбаева Гүлжан Алтынбекқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:08

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат КАМАМБАЕВА ГҮЛЖАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ №6 бірмандатты сайлау округі Құрметті...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Андабаева Гүлмира Нұрсапақызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:06

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат АНДАБАЕВА ГҮЛМИРА НҰРСАПАҚЫЗЫ №5 бірмандатты сайлау округі  ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!  ...

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Рамазанова Индира Ақанқызы

Вестник Жетісу
Сегодня в 19:04

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат РАМАЗАНОВА ИНДИРА АҚАНҚЫЗЫ №4 бірмандатты сайлау округі ҚҰРМЕТТІ...

Новости Казахстана

Курортные зоны Казахстана наращивают объем туристических услуг

Сегодня в 19:55
Общество

Киноленту «Соңыра» о героических буднях спасателей презентовали в Талдыкоргане

Сегодня в 17:28
Новости Казахстана

Токаев: «Народная стройка» придёт в каждое село

Сегодня в 16:45
Общество

«Қыс-2026»: спасатели Жетісу проверили готовность к снежной стихии

Сегодня в 16:00
Общество

Незаконные свалки в рамках «Таза Қазақстан» выявляют в Талдыкоргане

Сегодня в 14:30

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz