• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Сакиова Ризван Абдуликимовна

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:30
Предвыборная программа кандидатов
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Сакиова Ризван Абдуликимовна
12
просм.
WhatsappTelegram

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ САКИОВА РИЗВАН АБДУЛИКИМОВНА № 8 бірмандаттық сайлау округі 

РЕКЛАМА

«Ауылды дамыту – бүкіл елді, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз» — Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. ТОҚАЕВ

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Сакиова Ризван Абдуликимовна,  1965 жылы Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келдім. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тамамдап, жоғары білім алдым.

Еңбек жолымды 1984 жылы есепші болып бастап, кейін кәсіпкерлік, қаржы және басқару салаларында түрлі қызметтер атқардым. 2013 жылдан бастап «Азияветсервис» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарып келемін. Көпжылдық еңбек тәжірибем жауапкершілікпен жұмыс істеудің, тиімді басқарудың және ел дамуына үлес қосудың маңызын көрсетті.

Менің басты ұстанымым – халыққа адал қызмет ету, туған өлкемнің дамуына үлес қосу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау. Әрбір елді мекеннің мәселесі назардан тыс қалмай, халықтың ұсыныстары ескерілуі иіс деп есептеймін. Мен үшін жұмыстың басты нәтижесі – халықтың сенімі, нақты шешілген мәселелер және тұрғындардың өмір сапасының жақсаруы.

Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – адамдардың өміріндегі нақты өзгерістер.

Құрметпен Сакиова Ризван

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Аудандағы жолдардың сапасын 77%-ға дейін арттыру үшін күш салу.

Ауданы бойынша ауылішілік жолдарды жөндеуге ықпал ету.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Шолақай, Керімағаш ауылдарының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу мәселесінің шешілуіне, тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеуге күш салу.

Аудан бойынша 600 км. ден астам газ құбырын және газ тарату желілерін салуға ықпал ету.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беруді кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға ықпал ету. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға күш салу.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Облыс бойынша «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдап, нәтижеге бағытталған мемлекеттік көмекті 90%-ға дейін жеткізуге ықпал ету.

Аудан бойынша 40 мың гектардан астам суармалы жерге су үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Ауданда 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту және халықты еңбекпен қамту мәселелерінің шешілуіне  ықпал ету.

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсету. Жұмыспен қамту, кәсіби оқыту және жас кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың іске асырылуына жәрдемдесу.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруға және шалғай ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға күш салу.

Аудан көлемінде 50-ге жуық медицина маманына әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал ету.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Аудан бойынша 9 мектепке STEM-кабинеттерін сатып алуға ықпал ету.

Ауданның мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және білім беру ұйымдарына баратын жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға күш салу.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде кедергісіз орта қалыптастыруға ықпал ету.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауданның шалғай елді мекендерінде мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға және қамту аясын кеңейтуге күш салу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ КӨРІКТІ АУЫЛДАР

Аудан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 45,8%-ға жеткізу.

Аудан аумағында 7 мыңнан астам ағаш пен жасыл желек отырғызуға ықпал ету.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру бағытында жұмыстар жүргізу.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Мен үшін ауданымыздың ең басты байлығы–оның адамдары. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіз–ауданымыздың дамуына негіз болатын басты құндылықтар.

Әрбір елді мекен назардан тыс қалмауға тиіс, ал әрбір отбасы лайықты өмір сүру жағдайларына қол жеткізуі керек. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары мен жастарға арналған мүмкіндіктер құрғақ уәде күйінде қалмай, шындыққа айналуы қажет.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін табанды түрде жұмыс істеуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір берілген уәденің нақты іспен дәлелденуі маңызды.

Бірлесе күш жұмсасақ, ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала өсіруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз! 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Менің басты ұстанымым – әрбір тұрғынға құрметпен қарап, әрбір ауылдың мүддесіне тең дәрежеде көңіл бөлу. Еңбекті бағалау, жауапкершілікті сезіну, ашықтықты сақтау және халықтың мүддесін қорғау- менің жұмысымның негізгі қағидаттары.

Мен үшін халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың пікіріне құлақ асу және сенімге адал болу өте маңызды. Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмауы керек деп есептеймін.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен сын-ескертпелеріңізге әрдайым ашықпын. Әрбір тұрғынды мұқият тыңдауға, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуге және олардың шешілуіне өз құзыретім шеңберінде ықпал етуге дайынмын.

Менің ұстанымым – халықпен бірге болу, халықтың үнін жеткізу және әрбір істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Өйткені ел сенімі – мен үшін үлкен жауапкершілік, ал сол сенімді ақтау – басты міндетім.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындалған: «QPRINT» ЖШС

Басып шығарылған: «QPRINT» ЖШС

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Сакиова Р.А.

Төленген қаражат көзі: Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:50

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА на 2026-2031 годы кандидата в депутаты маслихата области Жетісу от партии «ӘДІЛЕТ» КОНСТАНТИНА НЕСТЕРОВА. Одномандатный избирательный округ №16...

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:45

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ  мәслихаты депутаттығына кандидаттың АЛТЫНБЕКОВ ЖАЛҒАС ДАУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ № 9 бірмандатты сайлау округі...

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:36

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов. Бірмандатты сайлау округі № 11 Құрметті сайлаушылар! Мен, Ерлан...

Новости Казахстана

Токаев: Сильные университеты – основа будущего

Сегодня в 20:55
Новости Казахстана

В Астане запустили новый формат озеленения города

Сегодня в 19:53
Новости Казахстана

Халық Кеңесі и профсоюзы консолидируют запросы трудовых коллективов

Сегодня в 19:31
Новости Казахстана

Туризм Казахстана привлекает все больше инвестиций

Сегодня в 19:00
Новости Казахстана

Казахстанцы получили первые знаки отличия марафона «Читающая нация»

Сегодня в 18:22

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz