• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Нағашбекұлы Думан

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:58
Предвыборная программа кандидатов
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Нағашбекұлы Думан
4
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына  «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат НАҒАШБЕКҰЛЫ ДУМАН №3 Қабанбай сайлау учаскесі

РЕКЛАМА

Ақжар мен Екпіндінің дамуы – нақты іспен, ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді. 2026-2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Нағашбекұлы Думан, 1976 жылы Алакөл ауданының Жамбыл ауылында дүниеге келдім. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру мамандығы бойынша білім алып, агробизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту саласында ұзақ жыл еңбек еттім.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды мал өсіру және фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау бағыттарында тәжірибем бар. «Бастау Бизнес» жобасында бизнес-тренер, ауыл шаруашылығы саласында сарапшы болдым.

Жамбыл ауылында туып, Екпінді ауылындағы мектеп-интернатта білім алғандықтан ауыл өмірінің ерекшелігін және ауыл тұрғындарының сұранысын жақсы түсінемін. Ақжар мен Екпіндіде инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау маңызды деп санаймын.

Ауылдың болашағы – тұрақты жұмыс орындары, табысты шаруашылықтар, сапалы білім мен медицина және қолайлы өмір сүру ортасы. Осы бағыттардағы бастамаларды қолдауға күш саламын.

Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдары мен ауданның даму құжаттарында көрсетілген бағыттар ескерілді. Нақты жобалардың іске асуын депутаттық бақылауға алып, тұрғындар көтерген мәселелердің тиісті жоспарлар мен бюджетке енгізілуіне ықпал етемін.

Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Тұрғындармен тұрақты байланыс, ашық есеп және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау – жұмысымның басты өлшемі.

Ең үлкен баға – халықтың сенімі. Ең маңызды нәтиже – Ақжар мен Екпінді тұрғындарының өміріндегі оң өзгеріс.

Құрметпен,Нағашбекұлы Думан

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Қауіпті жол учаскелеріне жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуға, 2027 жылы Қызылқайың ауылындағы Ы. Алтынсарин көшесінің 1,1 км. және 2028 жылы Көлбай ауылындағы Амангелді көшесінің 1,3 км. жолын жөндеуге ықпал етемін. Жол жөндеу сапасына қоғамдық бақылау жүргізіп, қыс мезгілінде жолдардың уақытылы тазаланып, қауіпсіз күтіп-ұсталуына назар аударамын.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
    2027-2028 жылдарға Жыланды ауылында (38,6 км.), Төңкеріс ауылында (6,6 км.), Лепсі ауылында (37,4 км.), Байзерек ауылында (10,2 км.), Үшбұлақ ауылында (39,5 км.) көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын.
  2. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы мен басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесу. Шағын және отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл тұрғындарының жеке іс бастауына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылым, шабындық, суару суы және ауыл шаруашылығына қажетті инфрақұрылым мәселелерін тұрғындармен бірге зерделеп, тиісті органдарға ұсынамын. Жер қатынастарына қатысты өтініштерді заң аясында қарауға және шешім барысының түсінікті болуына ықпал етемін. Ауыл шаруашылығы өнімін өткізу мен кооперация мүмкіндіктері туралы ақпарат таратуға атсалысамын.

  1. 5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС Ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
  2. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке уақытылы қол жеткізуіне, медициналық пункттердің жағдайын жақсартуға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Білікті медицина мамандарын тарту мәселесін көтеру.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Жыланды ауылындағы мектепті қайта жаңғырту және 250 орынды жатақхана, Көкжар ауылында 60 орынды жаңа мектеп салу жоспарының орындалуын қадағалауды мақсат етемін.

Әр ауылда мұғалімдерге және өзге де бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй салу немесе тұрғын үй қорын қалыптастыру бастамасын көтеремін. Жас мамандарды ауылға тарту және тұрақтандыру үшін жалдамалы тұрғын үй, қызметтік баспана, жеңілдетілген тұрғын үй тетіктерін қарастыруға ықпал етемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал ету. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, балаларды қолдау бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ақжар және Екпінді ауылдарында мобильді байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс қамту аясын кеңейтуге және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.

                                                       ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Алакөл ауданы – Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған маңызды өңірлердің бірі. Ауданның өркендеуі ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің қолдау табуына және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына тікелей байланысты.

Мен, Нағашбекұлы Думан, ауыл шаруашылығы мен агробизнес саласында мол тәжірибе жинақтаған маман ретінде ауылдардың әлеуетін тиімді пайдалануға, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдауға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ерекше мән беремін.

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Алакөл ауданының өзекті мәселелерін көтеріп, ауыл шаруашылығын дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға, сапалы білім мен медицинаның қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларды қолдауды мақсат етемін.

Мен үшін депутаттық қызметтің басты міндеті – халықтың талап-тілегін жеткізу ғана емес, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету, жоспарланған жобалардың орындалуын бақылау және тұрғындармен тұрақты байланыста болу.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділет – әр тұрғынға тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.

Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешілуіне ықпал ету – менің берік ұстанымым.

Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!

Дайындаған: QPRINT ЖШС

Басып шығарған: QPRINT ЖШС

Таралымы: 1000 дана

Тапсырыс беруші: Нағашбекұлы Думан

Қаржыландыру көзі: РБ немесе ЖБ немесе кандидат сайлау қоры

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:50

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА на 2026-2031 годы кандидата в депутаты маслихата области Жетісу от партии «ӘДІЛЕТ» КОНСТАНТИНА НЕСТЕРОВА. Одномандатный избирательный округ №16...

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:45

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ  мәслихаты депутаттығына кандидаттың АЛТЫНБЕКОВ ЖАЛҒАС ДАУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ № 9 бірмандатты сайлау округі...

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:36

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов. Бірмандатты сайлау округі № 11 Құрметті сайлаушылар! Мен, Ерлан...

Новости Казахстана

Токаев: Сильные университеты – основа будущего

Сегодня в 20:55
Новости Казахстана

В Астане запустили новый формат озеленения города

Сегодня в 19:53
Новости Казахстана

Халық Кеңесі и профсоюзы консолидируют запросы трудовых коллективов

Сегодня в 19:31
Новости Казахстана

Туризм Казахстана привлекает все больше инвестиций

Сегодня в 19:00
Новости Казахстана

Казахстанцы получили первые знаки отличия марафона «Читающая нация»

Сегодня в 18:22

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz