• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
Advertisement
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Предвыборная программа кандидатов

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Анар Исаева

Вестник Жетісу
Сегодня в 16:27
Предвыборная программа кандидатов
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Анар Исаева
11
просм.
WhatsappTelegram

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

2026—2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 12 бірмандатты сайлау округі бойынша
кандидат АНАР ИСАЕВА

РЕКЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

      Мен үшін туған қаланың дамуы – адал еңбек пен жауапкершіліктен басталады. Тұрғын үй қорын басқару саласында жинаған тәжірибем әрбір үйдің, әрбір ауланың жағдайы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететінін көрсетті.

Қазіргі уақытта «Эльдана» КСК төрайымы ретінде тұрғын үй қорын басқару және оған қызмет көрсету саласында еңбек етіп келемін. Күнделікті жұмысымда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға, аулалардың тазалығын сақтауға және тұрғын үйлердің жай-күйін жақсартуға басымдық беремін.

Сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтарына негізделген. Негізгі басымдықтарым – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру, аулаларды абаттандыру, қауіпсіздікті арттыру және жергілікті басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету.

Талдықорғанның әрбір тұрғыны таза, қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруге лайық деп санаймын. Депутаттық қызмет аясында тұрғындарды толғандыратын мәселелерді көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға және халық алдында ашық есеп беруге басымдық беремін.

Мен үшін ең маңыздысы – құр уәде емес, нақты нәтиже. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына құлақ асып, өзекті мәселелерді шешуге атсалысу арқылы туған қаланың өркендеуіне үлес қосуды мақсат етемін.

Басты мақсатым – әр тұрғын өзін қауіпсіз сезінетін, әр ауласы таза, әр үйі күтіп-ұсталатын, өмір сүруге қолайлы Талдықорғанның дамуына нақты үлес қосу.

Құрметпен, Анар Исаева

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

2027 жылы жолдардың сапасын жақсарту, жөндеуді қажет ететін учаскелерді қалпына келтіру және елді мекендер арасындағы көлік қатынасын дамыту бағытында жұмыс жүргізу. Қоғамдық көліктің тұрақты қатынауын қамтамасыз етуге және жолдарды күтіп ұстау сапасын арттыруға ықпал ету.

  1. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Тұрғындарды сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету, тозған инженерлік желілерді жаңарту және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін назарда ұстау. Электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру жүйесін кеңейтуге қолдау көрсету.

  1. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ

Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және өз ісін дамытуына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, отбасылық кәсіпкерлікті және шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтардың мүдделерін қорғау, жайылымдық жерлердің қолжетімділігін арттыру және ветеринариялық қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне назар аудару. Жергілікті өндірушілердің өнімдерін өткізуге жағдай жасап, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруға ықпал ету.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

Халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына және табысының артуына жағдай жасауға басымдық беру. Шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жастар кәсіпкерлігін қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

  1. САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасауға күш салу. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білікті мамандарды тартуға және шалғай елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға қолдау көрсету.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оқушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға басымдық беру. Мектептердің инфрақұрылымын жетілдіру, балалар ойын алаңдарын жаңарту және спортпен шұғылдануға арналған нысандарды дамытуға ықпал ету.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға назар аудару. Әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру, мұқтаж азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту және баршаға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету.

  1. ИНТЕРНЕТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ

Елді мекендерде ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, байланыс желісімен қамтылмаған аумақтарды азайтуға күш салу. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп, цифрлық сауаттылықты арттыруды қолдау.

  1. ТАЗАЛЫҚ ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендердің тазалығын сақтау, аумақтарды көгалдандыру және қоғамдық орындарды көркейту жұмыстарын қолдау. Қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жетілдіруге, ағаш отырғызуға және тұрғындардың демалысына қолайлы қоғамдық кеңістіктер құруға ықпал ету.

Негізгі мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Қаламыздың басты байлығы – оның тазалығы, су, жарық, жылумен қамтылуы адамдардың өзінің тұратын жеріне деген сүйіспеншілігімен және тұрып жатқан жерлеріне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді.

Әрбір қала тұрғындары назарға лайық, сонымен қатар жақсы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктер уәде күйінде қалмай, нақты іске айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен, оларды кезең-кезеңімен шешуге, сіздердің мүдделеріңізді қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әрбір міндеттеменің нақты іспен дәлелденуі маңызды.

Қаламызда бірге өмір сүру, еңбек ету, бала өсіруге жақсы жағдай жасауға қаламызды айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға және шағын аудандарға әділ көзқарас. Еңбекке құрмет, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халықтың мүддесін қорғауға дайын болу.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңызға және ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әрқайсыңызды тыңдауға, толғандырған мәселелерді зерделеуге және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: ЖК Айару

Мекенжайы: Жібек жолы, 34

Басып шығарылған: 1000

Таралымы 1000 дана.

Тапсырыс беруші: Анар Исаева
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

 

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Кандидат в депутаты маслихата области Жетісу Константин Нестеров

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:50

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА на 2026-2031 годы кандидата в депутаты маслихата области Жетісу от партии «ӘДІЛЕТ» КОНСТАНТИНА НЕСТЕРОВА. Одномандатный избирательный округ №16...

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Алтынбеков Жалғас Даулеткелдіұлы

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:45

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ  мәслихаты депутаттығына кандидаттың АЛТЫНБЕКОВ ЖАЛҒАС ДАУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ № 9 бірмандатты сайлау округі...

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:36

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА 2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Блискельдинов. Бірмандатты сайлау округі № 11 Құрметті сайлаушылар! Мен, Ерлан...

Новости Казахстана

Токаев: Сильные университеты – основа будущего

Сегодня в 20:55
Новости Казахстана

В Астане запустили новый формат озеленения города

Сегодня в 19:53
Новости Казахстана

Халық Кеңесі и профсоюзы консолидируют запросы трудовых коллективов

Сегодня в 19:31
Новости Казахстана

Туризм Казахстана привлекает все больше инвестиций

Сегодня в 19:00
Новости Казахстана

Казахстанцы получили первые знаки отличия марафона «Читающая нация»

Сегодня в 18:22

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz