• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+29°C
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Новости Общество

Конституциялық кепілдік – сапалы медициналық көмектің негізі

Жаңа Конституция азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын нығайтып, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Вестник Жетісу
8 июля 2026, 18:15
Общество
Конституциялық кепілдік – сапалы медициналық көмектің негізі
35
просм.
WhatsappTelegram

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік кепілдіктерді одан әрі нығайтқан жаңа Конституция күшіне енді. Конституцияда әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға және сапалы медициналық көмек алуға құқығы айқындалған. Бұл еліміздің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге берік құқықтық негіз қалайды.

Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырумен қатар халықты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы уақытылы әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету. Өз құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы білетін азамат медициналық көмекке дер кезінде жүгінеді, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтеді және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.

РЕКЛАМА

Бүгінде мемлекет қоғамдық денсаулықты нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жетілдірілуде, алғашқы медициналық-санитариялық көмек дамытылуда, заманауи цифрлық технологиялар енгізілуде, профилактикалық бағдарламалар кеңейтіліп, вакцинация жүргізілуде және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру – аталған бастамалардың табысты жүзеге асуының маңызды шарты. Осыған байланысты медицина ұйымдары азаматтарға аурулардың алдын алу, тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің маңызы, салауатты өмір салтын ұстану және қолданыстағы заңнама аясында медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Талдықорған қаласының облыстық ауруханасының ұжымы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қолдай отырып, халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға белсенді үлес қосуда. Аурухана мамандары тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын тұрақты жүргізіп, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолжетімді медициналық қызметтер мәселелері бойынша кеңес береді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының денсаулық сақтау саласындағы ережелерін іске асыру халық денсаулығын нығайтуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға және азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы алдағы уақытта да халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен нығайту мәселелері бойынша сенімді ақпарат тарату арқылы осы міндеттердің орындалуына өз үлесін қоса береді.

Монгол АНАРБЕК, «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры.

Тэги: ЖаңаКонституциязаң

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Зарубежные участники TBEX Asia 2026 открыли для себя Жетісу

Зарубежные участники TBEX Asia 2026 открыли для себя Жетісу

Вестник Жетісу
Сегодня в 08:58

Зарубежные гости международного форума TBEX Asia 2026 посетили область Жетісу, чтобы лично познакомиться с ее туристическими возможностями, передает Vestnik19.kz В...

Шанырак, который держится на людях

Шанырак, который держится на людях

Айгерім Тінәліқызы
29 августа 2026, 22:23

История Сергея Кошевого — человека, для которого уважение к своей культуре никогда не означало разделения с другими, а дружба народов...

Дорожные службы Жетісу отработали действия при ЧС

Дорожные службы Жетісу отработали действия при ЧС

Вестник Жетісу
29 августа 2026, 18:57

В области Жетісу прошло специальное учение, направленное на повышение готовности работников дорожной отрасли к чрезвычайным ситуациям, передает Vestnik19.kz Сотрудники департамента...

Общество

Зарубежные участники TBEX Asia 2026 открыли для себя Жетісу

Сегодня в 08:58
Общество

Шанырак, который держится на людях

29 августа 2026, 22:23
Общество

Дорожные службы Жетісу отработали действия при ЧС

29 августа 2026, 18:57
Общество

«Таза жағалау»: как жители Талдыкоргана заботятся о чистоте природы

29 августа 2026, 14:03
Общество

Чистые берега — общее дело жителей Текели

29 августа 2026, 12:19

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление внутренней политики области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Реклама +7 (747) 286 2041

© 2023-2026 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности

Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz