• Картограмма коррупции
  • Комплаенс-служба
Вестник Жетісу
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
+20°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт
Нет результата
Посмотреть все результат
Вестник Жетісу
Главная Новости Общество

Жетісу облысының аумағында күзгі аңшылық маусымы ашылды

Аңшылыққа шыққан шақта айналаға бейқам көзбен қарамай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті серік ету – парыз.

Вестник Жетісу
30 июля 2025, 18:30
Общество
Жетісу облысының аумағында күзгі аңшылық маусымы ашылды

vsesv.com

71
просм.
WhatsappTelegram

Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 15 маусымдағы №56-н/қ бұйрығына сәйкес, Жетісу облысының аумағында күзгі аңшылық маусымы ашылды.

Аңшылық қызмет келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

РЕКЛАМА
  • Сібір елігі, марал, тау ешкісі – аталық дарақтар үшін 15 шілдеден бастап, аналық дарақтар мен төлдер үшін 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;
  • Қоян – 1 қарашадан бастап 31 қаңтар аралығында;
  • Қаз, үйрек, қасқалдақ – қыркүйек айының бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін;
  • Қабан – қыркүйек айының алғашқы сенбісінен бастап 31 желтоқсанға дейін;
  • Қырғауыл – 15 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін.

Аңшылық қызмет «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлерін аулауға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, елді мекендер маңындағы аумақтарда, сондай-ақ резервтік (қорғауға алынған) аумақтарда аң аулау жүргізілмейді.

Аң аулау ережесіне сәйкес олжалау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерін іздеу, аңду, сонымен қатар аң аулайтын алқаптарда дәрімен атылатын құндақталмаған қару немесе басқа да аңшылық құралдарымен, олжаланған жануармен, бос жіберілген аңшылық иттермен, аушы құспен жүру — аң аулауға шыққан болып есептеледі.

Аң аулау үшін келесі құжаттар болуы міндетті:

  • аңшы куәлігі;
  • жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат;
  • аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
  • аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат;
  • аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – аушы жыртқыш құстың паспорты болған кезде жүзеге асырылады.

Аңшылық кезінде:

  • авиа-, авто-мото көлікті пайдалануға;
  • ішімдік ішуге, наркотик және өзге де уландыратын заттарды пайдалануға;
  • түнгі көздеп ату, дыбыссыз ату және лазермен дәлдеу құралдарын пайдалануға;
  • жарық түсіретін құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

Аңшылыққа шыққан шақта айналаға бейқам көзбен қарамай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті серік ету – парыз. Жерге тасталған қалдықтың қарапайым салғырттығы үлкен апаттың алғашқы ұшқынына айналуы мүмкін. Сөндірілмеген от, абайсыз тасталған темекі шоғындай ғана әрекет – жасыл желекке жайылған жалын, жануарлар мекенінің күлге айналған көрінісін тудырады.

Табиғатқа келтірілген әрбір жара – уақытпен емделетін дерт. Бірақ кейде сол ем – ондаған жылдарға созылған, адам еңбегімен өтелетін күрделі жолға айналады. Сондықтан, орманды — оймен, дала мен тауды — жүрекпен қорғауымыз керек.

Тіршілік иелерінің алтын бесігі – Жер-ананы аялау, қоршаған ортаның амандығын сақтау – тек аңшының емес, әрбір жанның азаматтық борышы.

Р. Адильбекова, Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Тэги: аңшылық

Будьте в центре событий!

Подписывайтесь на наши официальные каналы и получайте новости первыми:

Telegram Telegram Instagram Instagram
Семья из Жетісу рассказывает о единстве культур

Семья из Жетісу рассказывает о единстве культур

Бейбит Мамлеев
Сегодня в 19:09

В День единства народа Казахстана, который отмечают 1 мая, особенно ясно понимаешь простую вещь: единство начинается не с трибун, а...

Жаркент стал центром празднования Дня единства народа Казахстана

Жаркент стал центром празднования Дня единства народа Казахстана

Вестник Жетісу
Сегодня в 18:24

В Жаркенте Панфиловского района День единства народа Казахстана отметили масштабным праздничным мероприятием на центральной площади города, передает Vestnik19.kz Для региона...

Полицейские Жетісу нашли пропавшего ребенка в течение суток

Полицейские Жетісу нашли пропавшего ребенка в течение суток

Вестник Жетісу
Сегодня в 17:39

В Жетісу полицейские в течение суток нашли пропавшего ребенка, передает Vestnik19.kz Иногда судьбу решают не часы, а непрерывная и слаженная...

Общество

Семья из Жетісу рассказывает о единстве культур

Сегодня в 19:09
Общество

Жаркент стал центром празднования Дня единства народа Казахстана

Сегодня в 18:24
Общество

Полицейские Жетісу нашли пропавшего ребенка в течение суток

Сегодня в 17:39
Общество

Шаг в большое будущее: 104 кадета присоединились к клубу «ARLAN»

Сегодня в 16:47
Общество

Сезон фонтанов открылся в Талдыкоргане

Сегодня в 16:01

Сетевое издание www.vestnik19.kz

Собственник: ГКП на ПХВ «Жетісу Медиа» ГУ «Управление общественного развития области Жетісу»

Редактор веб-сайта: Далекенова М.А.

Номер телефона приёмной: + 7 (7282) 40-20-43

Адрес редакции
Республика Казахстан, область Жетісу, г. Талдыкорган, ул. Балапанова, 28

Газета «Вестник Жетісу» поставлена на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.
№KZ27VPY00064533 от 13.02.2023 года.

Сетевое издание «www.vestnik19.kz» поставлено на учет в Комитете информации Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан.  №KZ78VPY00064973 от 20.02.2023 года.

По вопросам коррупции: +7 (777) 388 0990 

age-registration-sign-18-plus-on-transparent-background-free-png
  • Главная
  • О газете
  • Подписка
  • Реклама
  • Контакты
Редакция +7 (702) 991 6174
Реклама +7 (747) 286 2041
© 2023-2025 «Вестник Жетісу». При копировании материалов ссылка на сайт обязательна | Политика конфиденциальности
Нет результата
Посмотреть все результат
  • Главная
  • Общество
  • Новости Казахстана
  • Экономика
  • Происшествия
  • Спорт

© 2025 vestnik19.kz