Понедельник, 01 Июля 00:50:58
Главная » Новости » Социум » Сыбайлас жемқорлық қоғам дертіне айналды

Сыбайлас жемқорлық қоғам дертіне айналды

28.06.2024 12:13:36 Онымен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Сыбайлас жемқорлық қоғам дертіне айналдыИсточник фото: triptonkosti.ru.

Қазіргі таңда мемлекет дамуы мен ел болашағының кепілі үшін азаматтар арасында адалдық пен ашықтық қасиеттерін дәріптеуге басымдық берілуде. Сәйкесінше «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміз үшін де бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үдеп тұрған парақорлық дерті барлық салаларға өз зиянын тигізуде. Мұнда пара беру мен пара алу теңдей қауіпті. Сондықтан қай тараптың болмасын кінәлі екенін алға тарта отырып, мемлекет дамуы үшін алдын алу және болдырмау шараларын қолға алу керек. Сыбайлас жемқорлыққа жол берсен, ол тамырын теренге жайып әп-сәтте айналасын жаулап алатын дерт. Әсіресе, қоғамның осал топтары мен қарапайым халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң нормаларына сай өз құқықтарын білмеуінің салдары немесе тыйым салынған ережелерді біле тұра қасақана түрде заңбұзушылыққа баруы себеп.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік біле бермейді. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді түрде күресу үшін халықтың құқықтық сауатын арттырып, құқықтық нормаларға сай түсіндіру жұмысының деңгейін, сапасын арттыру керек. Халық өздерінің құқықтарын, заң алдыңдағы жауапкершіліктерін білген сәттен бастап заңбұзушылықтың алдын алып, жемқорлық әрекеттерін болдырмауға болады.  

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына да едәуір кері әсерін тигізеді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі, онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып есептеледі.  Елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, оның алдын-алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.      

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтарға бой алдырмай қоғам мен халық алдында адал қызмет атқарып, кәсіби әдептілігін жоғары ұстаса қоғам мұндай дертке шалдықпайды.


 

 


 

 

 

Автор: Дана МЫРЗАБЕК, «Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика