Четверг, 04 Июля 23:46:40
Главная » Новости » Экономика » Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

06.06.2023 15:25:29
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына және тиісті жылға бекітілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес сатып алудың барлық рәсімдері веб-порталда орналастырылады және бекітілген қаржыландыру жоспарымен жүзеге асырылады.

Сатып алу рәсімдері ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржасы арқылы және т.б. тәсілдермен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алулар сатып алудың бәсекеге қабілетті және бәсекеге қабілетсіз тәсілдеріне бөлінеді. Бәсекеге қабілетті тәсілдерге ашық конкурс және баға ұсыныстарын сұрату, тауар биржасы арқылы және т.б. Ал, тікелей бір көзден сатып алу тәсілімен шарт жасау,жалғыз өнім берушіден сатып алу бәсекеге қабілетсіз тәсілі болады. Сатып алу тәсілі туралы шешімді Департамент өзінің қажеттіліктеріне, мүмкіндіктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының Заңдары мен ережелерінің нормаларын ескере отырып қабылдайды.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс жарияланатын тұлғалардың шектеусіз тобына дейін қандай да бір түрде конкурстардың болуын көздейтін сатып алу түрлері жатады. Ашық конкурста Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдағаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін өнім берушіні жіберу жүзеге асырылады, одан кейін қорытындылар хаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады, веб-порталдың өзі шартты жеңілдіктерді (техникалық қадағалау қызметтерінен басқа) есептейді және ең аз сомасы бар жеңімпазды айқындайды. Жарияланған хаттама қорытындысының нәтижесіне Өнім беруші келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде тиісті мекемеге шағымдануға болады, конкурстың барлық рәсімдері аяқталғаннан кейін Тапсырыс беруші жеңімпазбен шарт жасайды. 

Конкурста баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтінімдерді қабылдаудың неғұрлым қысқа мерзімді, жеңімпазды веб-портал автоматты түрде анықтайды. Тауар биржасы арқылы Департамент тек ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) сатып алады, оларға келесі тауарлар жатады: бензин, дизель отыны және т. б.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаттарының бірі сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидасы болып табылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның аясында 2021 жылғы 15 қарашада қабылданған өзгерістерді ескере отырып, бір көзден және бәсекелестікке жатпайтын сатып алулар бойынша сатып алулардың жалпы үлесі айтарлықтай қысқарды. Бұл өз кезегінде әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне адал бәсекелестікке қатысу үшін тең мүмкіндіктер береді, сатып алу процесін неғұрлым ашық және айқын етеді. Сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер техникалық ерекшеліктің талаптарымен алдын ала танысу мүмкіндігін қоса алғанда, барлық қажетті ақпаратпен тең дәрежеде таныса алады және олар бойынша ескертулер болған жағдайда Тапсырыс берушіге жүгіне алады.

 

А. Төлеубекова,

«ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» РММ активтерді басқару бөлімінің бас маманы.

Источник:

Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика