Пятница, 05 Июля 01:21:44
Главная » Новости » Объявления » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті халықаралық жастар байқ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті халықаралық жастар байқауы басталды

05.09.2023 17:42:41
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті халықаралық жастар байқауы басталды

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқауға қатысуға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастық маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.

Халықаралық конкурстың ережелері www.anticorruption.life ресми сайтында қолжетімді.

Байқаудың «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» аталымдары бойынша жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 1 қазанға дейін  www.anticorruption.life байқаудың ресми сайтында жүзеге асырылады.

Қазақстанның ең үздік жұмыстары жартылай финалға шыққандарды іріктеу бойынша ұлттық байқау комиссияның отырысында анықталады және халықаралық қазылар алқасының қарауына жолданады.

Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсаңында  өтеді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика