Воскресенье, 07 Июля 20:12:12
Главная » Новости » Лента новостей » Тәуелсіздік тірегі - теңге

Тәуелсіздік тірегі - теңге

16.11.2023 17:00:46
Тәуелсіздік тірегі - теңгеИсточник фото: pexels.com.

1993 жылғы 13 қарашада еліміздің төл теңгесі дүниеге келді. Сол кездегі Кеңес одағының ыдырауынан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке мемлекет болып құрылуына байланысты Елбасымыз ұлттық валюта теңгені шығару туралы Жарлыққа қол қойды. Одан бері талай аумалы-төкпелі кезеңдер өтті. Еліміздің экономикасын және теңгеміздің тұрақтылығын сақтау мақсатында 2006 жылғы 15 қарашада теңгеміз жаңа, әрі сапасы жағынан мықты қорғалған жаңа банкнот түрінде екінші айналымға шықты. Еліміздің экономикасы нығайып, жақсарған сайын теңгеміздің құны да тұрақтанып келеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылғандай, бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын 25 пайызға көтерілмек. Сонымен қатар, экономикамыздың дамуы үшін жаңадан 3 жылдық Бюджеттік кодекс пен Салық кодекстері қабылданбақ. Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуы үшін мемлекеттік қызметшілер қажымай-талмай жұмыс жасауы керек.

Біздің Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаменті қызметкерлері республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды, қамтамасыз ету бағытында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды жүргізеді. Бюджет қаржысын игеруде мемлекеттік мекемелердің есепшоттарын ашу, жабу және жүргізуде олардың күнделікті төлем шоттарын, қаржы жоспарын, өтінімдерін және төлем тапсырмаларын қабылдап, орындайды. Сонымен қатар, департаментте мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсету шотына, қайырымдылық шотына, депозиттік шоттарға және бюджетке түсетін түсімдерге қызмет көрсетеді.

Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаменті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен, қаржы басқармасы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасымен бірлесе отырып, бюджеттік қаржыларды уақытылы игеруде және құжаттардың сапалы толтырылуы бойынша мекеме басшылары мен бас есепшілері арасында түсінік жұмыстары бойынша семинарлар өткізіп отырады.

Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білім деңгейін жетілдіру мақсатында құрылған бағдарламаға сәйкес жыл сайын Астана, Алматы және Талдықорған қалаларында білімдерін жетілдіріп келеді.

Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаментінде штат саны 110 қызметкер жұмыс істеп келеды, оның ішінде департамент бойынша 53 қызметкер.

Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаментінде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуде. Осыған сәйкес департамент қызметкерлері арасында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді оқытып-үйрету курсы облыстық әкімшілік жанындағы мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған. Арнайы мемлекеттік тіл бөлмесі жабдықталып жұмыс істейді. Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында департаментте мемлекеттік мекемелердің уәкілетті тұлғаларына құжаттарды тапсыру мен алулары үшін рұқсат қағаздары берілген, бейне камералар орнатылған.

Облыс бойынша 2023 жылдың 9 айында 571 мемлекеттік мекемеге, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 457, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 79 мемлекеттік иекеиеге және 35 квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және мемлекеттік сатып алу субъектілеріне қызмет көрсетіледі. 2023 жылдың 9 айында 356 568 қаржы құжаттары қабылданды, оның ішінде 337 874 құжат орындалды, мемлекеттік мекемелердің төлем шоттарын қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде тексеріп, бекітеді. Қате төлем шоттардың қателері көрсетіліп, хат арқылы мемлекеттік мекемелерге кері қайтарады.

Бекітілген экономикалық жоспарға сәйкес және жоспардан тыс департамент қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейлерін жетілдіру мақсатында экономикалық оқу өткізіліп тұрады, нұсқаулықтар талқыланып, зерделенеді.

Қорыта келе Ұлттық валюта – теңге күні және мерейлі мерекеге орай еліміздің қаржыгерлері. Сіздерді төл мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақытты өмір, қызметтеріңізде табысты, абыройлы болуларыңызды тілеймін.

 

 

 

Автор: Даурен ТИЛЕУБЕРГЕНОВ, Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшы орынбасары.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика