Пятница, 20 Сентября 13:34:47
Главная » Новости » Общество » Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры

07.12.2023 09:43:44 Қазақ тілі — өте бай тіл.
Тіл тағдыры – ел тағдырыИсточник фото: tilalemi.kz.

Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің, елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көзбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

Қазақ тілі — өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан, туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

«Тіл туралы» Заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру–Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деген. Әрине, ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың 7- бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа Жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан–жақты дамытуды басты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Сондықтан төл тілімізді өзінің алтын тұғырына қондыру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының сол тілде таза сөйлеп, ойын жеткізе алуы деп түсінгеніміз абзал. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекет басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарының тілі» делінген. Сондықтан мемлекеттік қызмет бабында тілді ауызекі сөйлеу деңгейінде ғана білу жеткіліксіз, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалармен ресми іскерлік қатынасты, қызметтік хаттар және тағы да басқа ақпараттармен алмасу құжаттарын тек қазақ тілінде жүргізуді игеру әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болуы тиіс. Яғни мемлекеттік істің барлық салаларында қазақ тілі өз мәртебесіне лайық қолданылуы керек. 

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру де­пар­таментінде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі. Департамент қазақ тілінің бе­делін нығайту және дамыту, мем­лекеттік тілді насихаттау мақ­са­тын­да тұрақты негізде жұмыс жүр­гізеді. Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

Сөзімізді қорытындылай келе, қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Сондықтан ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақ­стан азаматы жүрегімен ұққаны жөн. Қазақ тілінің өшпес рухы асқақтай берсін.

 

 

                                                        

Автор: Ғ. Альсеитова, ҚР ҚМ ММЖК Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті активтерді басқару бөлімінің бас маманы.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика