Четверг, 19 Сентября 07:11:37
Главная » Новости » Общество » Мұғалімнің еңбегі - оқушының жетістігі

Мұғалімнің еңбегі - оқушының жетістігі

03.10.2023 11:55:52 «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан».
Мұғалімнің еңбегі - оқушының жетістігіИсточник фото: Из архива Vestnik19.kz/Дмитрий Ерофеев.

Бүгінгі жылдам дамып, өзгеріп отырған қоғам талаптарына сай, лайықты ұрпақ тәрбиелеу - парызымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімді ұрпақ қалыптастыра алған мемлекет ғана талабы мен талғамы күн санап жоғарылап отырған мына заманның бар қиындығын тізе бүктіріп, әлемді мойындата алады» деп атап көрсетті. Сондай-ақ,«Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз - Қазақстанның жарқын болашағы», - деп баса айтқан болатын.

Бүгінде жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар, өркениет көшіне жол бастайтын әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің негізгі мәселесінің бірі – білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Осы тұста «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаздар қауымы да сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіспен тынымсыз еңбек етуде.

Оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы - ғылыми негізде ынтасын арттыруға жетелеуде. К.Станиславскийдің «Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз» дегеніндей, мектептің ұстаздар қауымы 2022-2023 оқу жылы «Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарға ие, белсенді ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу» өзекті мәселесі бойынша жұмыс атқарды. 

Мектептің өзекті мәселесі: «Жобалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру және функционалдық сауаттылықтарын дамыту». Әр оқушыға түйінді құзыреттілікті қалыптастыратын жеке білім беру маршрутын құруға, таңдау жасауға мүмкіндік беретін сабақ үлгісін теориялық және эксперименттік негіздеу мақсатында жүргізілген бұл жобалық оқыту барысында бірқатар жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болдық. Бір қатарын атап өтетін болсақ, республикалық «Русский медвежонок» байқауынан 58 орын саны, республикалық «Кенгуру» байқауында 36 орын саны, халықаралық «Бритиш Бульдог» 17 орын саны тіркелді. 

Ал республикалық «Дарын»-1, облыстықтан 1 орын саны бар. 5-6-сынып олимпиадасы бойынша 2 республика, 4 облыстық, «Зерде» 1 облыстық, 7-8-сыныптар олимпиадасы бойынша 1, 2-4 олимпиадасынан 2 орын, Президенттік олимпиадада 1 орын, республикадан сертификатқа қол жеткіздік. Қалалық «Балалар оқулары» байқауы бойынша 1 облыстық орын, облыстық Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдығына арналған эссе байқауында 2 орын санына қол жеткіздік. Сонымен қатар, «Жетісу -кітапқұмарлар өлкесі» облыстық байқауына шәкірттер қатысып Диплом мен бағалы сыйлық иеленді. Облыстық «Рro Eco» байқауы 1 орын, 1 сертификат, облыс «Алтын сақа» байқауында 1 орын саны тіркелді. 2023 жылғы 19 мамырда өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытыңдысы бойынша Р. Назыфова ІІ орынға, Төкен Әмір жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, жас-тарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. 

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, болашақ ұрпағымыздың қандай болып өсетіні мұғалімнің адал еңбегіне, педагогикалық шеберлігіне, шыдамдылығына, сондай-ақ, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Қай заманда да ұстазға деген құрмет шексіз, ұстаздықтың шоқтығы биік. Дегенмен, мұғалімнің рөлі уақыт өткен сайын өзгеріп жатқанын түсіну керек – қазіргі уақытта балалардың бойына академиялық базаны сіңіріп қана қоймай, оларды өз бетінше ойлануға, шешім қабылдауға және жауапкершілікке үйрету өте маңызды. 

Балаларымыздың жетістіктері, олардың облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардағы жеңістері – мұғалімдердің кәсібилігі мен құзыреттілігінің дәлелі. Әр ұстаздың ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы әрі адал еңбектері еңсеріле берсін және қазақстандық педагогиканың үздік дәстүрлерін заманауи жаңашылдықтармен үйлестіре жүрейік дегім келеді.
 

Автор: Р. Разбаева, «№2 орта мектеп» КММ-нің директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика