Пятница, 20 Сентября 18:28:23
Главная » Новости » Общество » «Мемлекеттік мүлікті жалға ұсыну – шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі»

«Мемлекеттік мүлікті жалға ұсыну – шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі»

18.07.2023 17:13:24 Бұл қолдаудың арқасында халықты жұмыспен қамтумен қатар өзге де әлеуметтік мәселелер шешіледі.
«Мемлекеттік мүлікті жалға ұсыну – шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі»Источник фото: pexels.com.

Еліміз Егемендік алып, өзінің дамуында нарықтық экономиканы бетке ұстап отыр. Нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпкерлік – экономиканың дамуының маңызды факторы.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға ден қойылып, біршама заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Сол заңдармен қатар кәсіпкерлікті қолдау шаралары еліміздің мемлекеттік мүлік саласындағы заңнамалық актілерде, соның ішінде  мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша қабылданған заң актілерінде де орын  алған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының 74 бабының 11 тармағында мемлекеттік мүлік белгіленген тәртіппен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен мүліктік жалдауға (жалға) берілуі мүмкін деп айтылған. Мұндағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамасы, санаттары мен міндеттері  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген.

Аталған Заңның 106 бабының 6 тармағында сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан астам уақыт пайдаланылмаған мемлекеттік мүлік өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен бір жыл мерзімге сенiмгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілуі мүмкін делінген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында» мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуде шағын кәсіпкерлер үшін төмендету коэффициенті ескерілген.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік мүлікті жалға беру объектілері ретінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың артық және пайдаланылмайтын объектілері танылады, сондықтан  оларды  жалға алушы болып ірі бизнес субъектілерінен гөрі көбінесе шағын және орта бизнес субъектілері табылады. Сондықтан, мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі заңнамаларда көрсетілген жеңілдіктер еліміздегі көптеген шағын бизнес субъектілеріне қолдау көрсететіні сөзсіз.

Ал бұл қолдаудың арқасында елімізде шағын бизнестің дамуы қарқындайды, халықты жұмыспен қамтумен қатар өзге де әлеуметтік мәселелер шешіледі.

 

 

 

Автор: Ж. НУРМОЛДАЕВА, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің бас маманы.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика