Пятница, 20 Сентября 13:51:28
Главная » Новости » Объявления » Қазынашылық жүйесіне - 30 жыл

Қазынашылық жүйесіне - 30 жыл

10.01.2024 16:42:19 Экономиканы басқарудың нарықтық әдістеріне өту кезеңінде бюджеттік процесстің кең ауқымды шараларының бірі қазынашылықты құру болды.
Қазынашылық жүйесіне - 30 жылИсточник фото: dknews.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуына байланысты және нарықтық экономика жолына қадам басқан сайын бұрынғы экономикалық құрылымдарды, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық бақылау саласын реформалау қажеттілігі туындады.

Экономиканы басқарудың нарықтық әдістеріне өту кезеңінде бюджеттік процесстің кең ауқымды шараларының бірі қазынашылықты құру болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министрлігі жанынан Бас қазынашылық басқармасы құрылды.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайындағы қаржы және бюджеттік саясаттың басым мәселелерінің бірі-мемлекеттік қаржының бюджеттік орындалуын қазынашылық механизмі арқылы тиімді басқару болып табылады. Ол мемлекеттік бағдарламаларды оперативті қаржыландыруға, түсімдерге тиімді бақылау жасауға, мемлекет қаражатының үнемді, мақсатты пайдаланылуына, қаржы және бюджеттік заңнамалар ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті, ҚР Үкіметінің 11.07.2022ж. №471 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы №886 және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 жарлықтарын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен шетел валюталар шоттары, сондай-ақ квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары, мемлекеттік сатып алу шоттары, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттары бойынша операцияларды өткізу салаларында басшылықты жүзеге асырады.

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2022 жылғы 13 шілдедегі №3219 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2021 жылғы 30 қарашадағы №4889 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының штат кестелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес штат саны 110 бірлік болып бекітілді. Оның ішінде: Департамент-53, аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларда 57- бірлікті құрады.

Қазақстан Республикасы  Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» №887 Жарлығына сәйкес, Жетісу облысы құрылуына байланысты, барлық мемлекеттік мекемелерді жаңадан құрылған облысқа аудару мақсатында үлкен жауапты жұмыстар атқарылды. Жетісу облысы бойынша Қазынашылық департаменті 536 мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.

Осы орайда, қазынашылық жүйесіне үлкен үлес қосқан қызметкерлерді атап айту өте орынды болар еді, Гульнар Тиштыбаевна Атажанова қазынашылық жүйесіндегі еңбек жолын 1995 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін қазынашылықта қызмет атқарады. Г.Атажанова жаңа «Баск-М», «ORACLE», «Қазынашылық-клиент» бағдарламаларын енгізу бойынша қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінің модернизация жұмыстарына, оның тәжірибеде пайдаланылуына белсене қатысты және оның мемлекеттік мекемелерде таратылуына өз үлесін қосты.

Қазынашылық жүйесінің қалыптасуына лайықты үлес қосқан ардагерлер әрі қазір де еңбек етіп жүрген қызметкерлерді-саңлақтар тобын айтпай кетуге болмайды: Ж.О.Сулейменов,С.С.Лим, Г.Т.Атажанова, Ш.Н.Нуриева, М.Б.Касенова, Г.Баққажы, Т.К.Баелов, Саурбеков К.К., Ж.Ш.Сулейменова, Ж.А.Абугалиева, Ж.Б.Кашкынбаева, А.Б.Берденбекова, В.К.Нигметжанова, Н.Т.Хамитова, К.Н.Андабаева, З.Ж.Мукашева, Қ.Н.Темірбекова, Г.С.Мукашова және т.б.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі, техникалық сабақтар, семинарлар өткізіліп отырады.

Сондай-ақ, Қазынашылық жүйесінің құрылыуына 30 жыл толуына орай, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті тарапынан «30 игі іс» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған болатын. Жетісу облысы бойына қазынашылық департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері аталған акцияға белсене ат салысып, өз үлестерін қосуда аянып қалмады.

Құрметті қазынашылық жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері, Қазынашылық жүйесінің 30 жылдық мерей тойымен баршаңызды құттықтаймын!  Барлықтарыңызға денсаулық, күш-жігер, «Қазақстан Республикасының Қазынашысына» жоғары деңгейдегі шығармашылық табыстар тілеймін! Қазынашылықтың туы  әрдайым жоғары желбіресін! Еліміз тұтас, жеріміз бүтін болсын, біз мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуына үлкен үлестер қоса берейік.

Автор: А.САНСЫЗБАЕВ, Жетісу облысы бойынша қазынашылық Департаментінің басшысы.
Вы можете поделиться этой статьей:
Лента новостей

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.

Яндекс.Метрика